Өтекин Қаскей– қоғам қайраткері. 1900 жылы Солтүстңік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Қойтас ауылында туып – 1993 жылы сонда, Амангелді ауылында көз жұмды.

1919 жылы Омбы гимназиясын бітірген. * 1919 – 1920 жылдары Қойтас ревкомында хатшы болып жұмыс істеді.* 1920 – 1922 жылдары Громогласовка уездік ревкомында хатшы болды.* 1922 – 1923 жылдары Қызылжар қаласында губ. атқару комитетінде қызмет атқарған.* 1923 – 1925 жылдары Орынборда “Еңбекші қазақ” газетінде хатшы. * 1925 – 1937 жылдары Қазақ АКСР-і ОА комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі болып істеді. Мұнда ол жергілікті халықтың өкілдерін жұмысқа тарту, қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру, т.б. мәселелермен айналысты. С.Сейфуллинмен және ұлттық интеллегенцияның көрнекті өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болды. *1937 жылы 29 қарашада тұтқындалып, жалған айыппен сотталып, жаза мерзімін Солтүстік Оралдағы Тавда түрмесінде өткерген. *1947 –1960 жылдары Қызылту ауданында ұжымшарда хат тасушы, жабдықтау бөлімінің бастығы болды. * 1960 жылдан республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер. Өтекиннің өмір жолы жазушы-ғалым Т.Кәкішевтің “Ескірмейді естелік” атты еңбегінде баяндалған. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Сілтемелер Қазақ Акср Орталық Атқару Комитеті.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар