Қандыадыр – Шідерті өзеннің оң жағалауында орналасқан тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодёжный кентінен 16-17 км, Шыбынды көлінен солтүстікке қарай 10 км жерде.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 567 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 4-5 км-ге созылып жатыр, ені 1,5-2 км.
Геологиялық құрылымы Силур жыныстарынан түзілген. Солтүстік беткейі көлбеу келген.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында әр түрлі дала өсімдіктері өседі.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлімҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Осакаров ауданы таулары