Недогон Александр Васильевич (4 ақпан 1932 ж. т., Харьков қ.) – кен инженері. Қазақ тау-кен институтын бітірген (1956).
1950 – 51 ж. Оңтүстік Қазақстан геол. партиясының коллекторы.
1956 – 60 ж. Мырғалымсай шахта басқармасының кен шебері, телім бастығы
1960 – 63 ж. Ащысай полиметалл комб-ның «Батыс» кенішінде телім бастығы, бас инженердің кен жұмыстары жөніндегі орынбасары,
1963 – 92 ж. «Ақсай» кен басқармасының директоры, «Қаратау» өндірістік бірлестігінің бас инженері, бас директоры,
1992 – 94 ж. «Қаратау» акцион. қоғамының вице-президенті болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен 2 рет, медальдармен, Қазақ КСР Жоғ. Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. 20-дан аса ғыл. кітаптардың авторы, 14 жаңалық ашқандығы жөнінде куәлігі бар.
Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Санат:Тұлғалар Санат:Харьковте туғандар Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қазақ тау-кен металлургия институты түлектері Санат:4 ақпанда туғандар Санат: 1932 жылы туғандар