Сызған ауылдық округі – Түркістан облысы Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Босбұлақ, Қайнар, Қозмолдақ, Сызған ауылдары кіреді. Орталығы – Қозмолдақ ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том.
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Босбұлақ ауылы291 322 110,7 148 163 110,1 143 159 111,2 Қайнар ауылы 986 1198 121,5 527 640 121,4 459 558 121,6 Қозмолдақ ауылы1402 1448 103,3 698 737 105,6 704 711 101 Сызған ауылы 697 852 122,2 360 443 123,1 337 409 121,4 Жалпы саны 3376 3820 113,2 1733 1983 114,4 1643 1837 111,8
Мекемелер 3 орта мектеп, 1 емхана, 3 ФАП, 1 ауылдық клуб, 1 кітапхана, 1 Қазпошта бөлімшесі, байланыс бөлімшесі, телестанция бар. Ауылдық кеңес төрағалары Сызған ауылдық кеңесі төрағалары болып Шайменова Маржангүл 1940 жылға дейін, Құтжанов Нұртай (1962-1967 жылдары), Сарыбаева Мамық (1967-1971 жылдары), Арыстанов Әпен (1971-1978 жылдары), Әбдіхасов Әйнекеш (1978-1989 жылдары), Төрәлиев Қасыбек (1989-1993 жылдары) қызмет атқарды. Ауыл әкімдері Төрәлиев Қасыбек (1993-1995 жылдары), Әметов Есім (1995-1996 жылдары), Исатаев Төлен (1996-2002 жылдары), Бектаев Нұржан (2002-2004 жылдары), Айдарбеков Болат (2004-2004 жылдары) болды. Иманбайұлы Аманбай 2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін ауыл әкімі болып келеді. Кеңшар директорлары “Сызған” кеңшарының директоры болып Садықов Сағындық (1962-1966 жылдары), Жаппарбеков Батырхан (1966-1981 жылдары), Ерінбетов Жұмаділдә (1981-1986 жылдары), Асылбеков Сәкен (1986-1994 жылдары) қызмет атқарды.
Колхоз төрағалары Қосмолдақ атындағы колхозда Қожабеков Мекебай (1936-1940 жылдары), Шынар (1940-1944 жылдары), Әштархан (1944-1946 жылдары), Болатбеков Айдарбек (1946-1950 жылдары), Тайлақбай (1950-1954 жылдары), Бөлетов Әбілқайым (1954-1962 жылдары) төраға болып қызмет атқарды. Молотов атындағы колхозда Жарылқанов Байжан (1936-1940 жылдары), Бегайдаров Түсінәлі (1940-1944 жылдары), Жарылқанов Байжан (1944-1946 жылдары), Шабақ (1946-1948 жылдары), Ысқақов Қуаныш (1948-1950 жылдары) қызмет атқарды. Алмалы атындағы колхозда Досжан (1936-1940 жылдары), Көлбаев Есім (1940-1944 жылдары), Нұртанов Мейірбек (1944-1949 жылдары) қызмет атқарды. Тегістік атындағы колхозда Пәрін (1936-1940 жылдары), Отаров Бекболсын (1940-1944 жылдары), Намазбай (1944-1949 жылдары) басшылық қызмет атқарды.Шолаққорған-2008 кітабі. “ЖЕБЕ” баспа үйі 2008 жыл.
Дереккөздер
Санат:Созақ ауданы ауылдық округтері