Игорь Иванович Рогов (17 мамыр 1950 жыл, Баку) — белгілі қазақстандық заңгер, мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы. 2021–2026 жылдары Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы. Конституциялық Кеңестің бұрынғы төрағасы (2004–2017).

Қысқаша өмірбаяны 1950 ж. мамырдың 17-інде Әзірбайжанның Баку қаласында туған. Ұлты — орыс.

Әкесі – Рогов Иван Григорьевич, қайтыс болған, әскери қызметкер, инженер-геолог болған. Анасы – Тагильцева Валентина Степановна, қайтыс болған, мұғалім болып жұмыс істеген.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1973), құқықтанушы.

Заң ғылымдарының докторы.

Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Экономикалық қылмыспен күрестің мәселелер (қылмыстық-құқықтық және криминологиялық зерттеу)» (1991). Профессор (1994). ҚР-ның Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (2001).

Қазақ және неміс (ауызекі тіл) тілдерін біледі.

1967–1968 жылдары – Алматы ағаш өңдеу комбинатының станокшысы.

1973 жылдан – Алматы қаласы Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі.

1975 жылдан – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің ассисенті, аға оқытушысы, деканының орынбасары, доценті.

1990 жылдан – ҚР Президенті Кеңсесі мен Министрлер Кабинеті мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты, аға референті, құқық қорғау органдары секторының меңгерушісі.

1992 жылдан – ҚР Конституциялық соты төрағасының орынбасары.

1995 жылдан – ҚР Президентінің көмекшісі.

1997 жылдан – ҚР Президентінің Кеңесшісі.

2000 жылдан – ҚР Әділет министрі.

2002 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары – ҚР Мемлекеттік-құқықтық Басқармасының бастығы.

2004 ж. маусымның 15-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. 2017 жылы 11 желтоқсанда лауазымынан босатылды.

2017 жылы 14 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары болып тағайындалды.Игорь Рогов получил новую должность

ҚР Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның төрағасы (2021–2026).«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан криминологиялық қауымдастығының президенті.

Үйленген. Әйелі – Рогова Валентина Георгиевна (1950 жылы туған), адвокат. Ұлы – Денис (1974 жылы туған), заңгер. Қызы – Светлана (1982 жылы туған), заңгер.

Ғылыми жұмыстары «Шаруаға қырсыздық пен ысырапқорлыққа қарсы» (1987), «АӨК: тәртіп пен заңдылық» (тең авторы, 1989), «Экономика және қылмыстылық» (1991) кітаптарының, сондай-ақ конституциялық, қылмыстық құқықтың, процестің, криминологияның мәселелер арналған 90-нан астам ғылыми еңбектердің авторы. «Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрестің мәселелер» (1996), «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы» (1998), «Сыбайлас жемқорлықтың қарсы әрекетінің негіздері» (2004), «Қылмыс жасалуының себептері» (2004), «Қазақстанның Қылмыстық құқығы» – негізгі бөлімі (2003), «Қазақстанның Қылмыстық құқығы» – жалпы бөлімі (2005), «Қазақстандағы Конституциялық бақылау» (2005) және басқа кітаптардың тең авторы.

Марапаттары Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. «Парасат» орденінің иегері, «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Астана» медальдарымен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер ҚР Конституциялық Кеңесі

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:1950 жылы туғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері