Темірхан Құлмұхамбетұлы Мүсәлімов (16.5.1955 жылы, Ресей, Түмен облысы Ханты-Манси қаласында туған) – педагогика ғылымдарының докторы (2004), профессор (2007). ҚазПИ-ді (1977, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Осы институтта ассистент, аға оқытушы (1977–90), Ақтөбе мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1990–2004), Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтында декан (2004–06), Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі, ректордың кеңесшісі (2006–08) қызметтерін атқарды. 2008 жылдан осы университеттің профессоры. Негізгі ғылыми еңбектері жоғары кәсіптік білім жүйесінде көркемсурет өнері мамандарын даярлаудың теориясы және практикасына арналған. 80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер
Cілтемелер
Педагогика Профессор Ректор
Санат:Қазақстан ғалымдары