thumb|Мальдив Республикасының астанасы — Мале Мальдив аралдары — Үнді мұхиты,Шри-Ланка аралдарының оңтүстік-батысында экваторлық белдеуде орналасқан. 850 км-ге созылып жатқан маржандық атолдық аралдар тізбегінен тұрады. Мұндағы ірілі-ұсақты 2000-дай аралдардың 200-нде халық қоныстанып, тіршілік етуде. Ең биік жері 24 м. Климаты экваторлық муссондық. Ауаның орташа жылдық температурасы 24 — 30°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2500 мм. Мальдив аралдарында Мальдив Республикасының астанасы — Мале орналасқан. Туризм дамыған.
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том Дереккөздер
Санат:Үнді мұхиты аралдары Санат:Мальдивтер