Әлима Балтабайқызы Нұрлыбекова(22.3.1957 жылы туған, Оңтустік Қазақстан облысы Шымкент қаласы) – педагогика ғылымының докторы (1999), профессор (2002). Оқу жолы Шымкент педагогикалылық институтын (1979, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген. Жұмыс жолы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы орта мектепте мұғалім (1973–1982), Дене шынықтыру техникумында оқытушы (1982–1990), Мәскеу қаласындағы Орталық мемлекеттік дене шынықтыру институтында ізденуші (1988), Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты (1991–1995) мен Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясында (2001–2002) кафедра меңгерушісі болды. Ғылыми еңбектер 2002 жылдан ҚазҰПУ-да профессор «Теоретико-методические основы формирования инновационного содержания программы физического воспитания дошкольников» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 80-нен астам ғыл. жарияланымның авторы.

"Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер </span>

Санат:Тұлғалар