Тобыл өңірі – Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігін алып жатқан дала белдеміндегі жазық. Батысында Орал сырты үстірті, оңтүстігінде Торғай үстірті, шығысында Есілдің сол жағалауы аралығында орналасқан. Палеозой іргетасы оңтүстігінде 100 м, солтүстік-шығысында 200 – 400 м тереңдікте жатыр. Қатпарлық іргетастың бойлама жарылыстары мен көне интрузияларына Соколов – Сарыбай тобының темір кентасы шоғырланған. Тобыл өңірі жеріне Обаған қоңыр көмір алабының солтүстік бөлігі кіреді. Батыс бөлігінде Қостанай көлбеу жазығы орналасқан. Өзен аңғарлары саяз (30 м-ге дейін). Мұздану дәуірлерінде көне Тобыл – Обаған қолаты мен Тұран ойпатына қарай су аққандығын дәлелдейтін терраса кең тараған. Өңір кәдімгі қара топырақ жамылғысы үстінде дамыған әр түрлі шөп, астық тұқымдас өсімдікті далаға және оңтүстіктің қара топырағы үстіндегі әр түрлі шөп, астық тұқымдас өсімдікті далаға ажыратылады. Тобыл өңірі Қазақстанның етті-сүтті ірі қара мал, астық өсіретін негізгі аймақтарының бірі.Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Тобыл өңірі · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.