Шеминовское — Қостанай облысы Қостанай ауданы, Майкөл ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Тобыл қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 км, Қостанай қаласынан 25 км жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 661 адамды (312 ер адам және 349 әйел адам) құраса, 2009 жылы 654 адам (315 ер адам және 339 әйел адам) болды.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұйымдастыру кезінде қаланды. 1932-1956 жылы ұжымшар, 1956-1996 жылы астық өсіретін “Майкөл” кеңшары бөлімшесінің орталығы болды. Оның негізінде Шеминовскоеде шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл арқылы Қостанай-Троицк (Ресей) автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Қостанай ауданы елді мекендері