Қазымбет (1998 жылға дейін – Алексеевка)Абай, Жарма, Зайсан, Катон-Қарағай, Көкпекті, Үлан, Үржар аудандарының ауылдық округтері мен елді-мекенді жерлердін аттарын өзгерту туралы — Абай облысының Үржар ауданындағы ауыл, Бестерек ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Үржар ауылынан солтүстікке қарай 18 км жерде, Тарбағатай жотасының оңтүстік беткейінде, Үржар өзенінің оң саласы жағасында орналасқан.

Тарихы 1997 жылға дейін "Алексеевка" аталып келді. Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде ұжымшар орталық болды. 1958 жылдан Чапаев атындағы сүт кеңшарының бөлімшесі. 1997 жылы бөлімшенің негізінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Орталау мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен775 636 512 80,5 339 285 84,1 297 227 76,4

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы елді мекендері