Станционное — Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы ауыл, Станционный ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабалық кентінен солтүстік-батысқа қарай 19 км жерде, орманды дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1680 адам (783 ер адам және 897 әйел адам) болса, 2009 жылы 1344 адамды (657 ер адам және 687 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1961 жылы өзімен аттас астық кеңшарын құруға байланысты қаланған. 1996 жылы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Ең жақын темір жол стансасы – Приуральная (5 км). Станционное арқылы Қостанай – Челябі автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Қарабалық ауданы елді мекендері