“Китаб әл-А'алақ ән-Нафиса”' (“Асыл алқалар кітабы”) – 9 ғасырдың 2-жартысы мен 10 ғасырдың басында өмір сүрген араб тілді географ Әбу Әли Ахмед ибн Рүстенің шығармасы.
Еңбектің түпнұсқасы көптомдық, көлемді, әр салалы энциклопедияға тұрарлық шығарма. Біздің заманымызға тек 7 томы жеткен. ибн Русте Иранның Исфахан қаласында өмір сүріп, еңбектенген. Автор бұл кітабында Әбу-л-Қасым Ұбайдаллаї, ибн Хордадбехтің шығармаларын біраз пайдаланған. “Китаб әл-А'алақ ән-Нафисада” астрономия мағлұматтармен қатар қызықты географиялық мәліметтер келтіріледі. Жерге байланысты жеті ықылым және теңіздер мен өзендер (Каспий, Арал, Сырдария) туралы деректер бар. Сонымен бірге мұсылман елдері, түрік тілдес, славян, финн-угор халықтары сипатталды. Қазақстанның оңтүстік өлкесіне байланысты тарихи-географиялық материалдар маңызды боп табылады.Материалы по истории туркмен и Туркмении, т. 1, М. – Л., 1939Крачковский И.Ю.,Изб. Соч., т. 4, М. – Л., 1957.</ref>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Дереккөздер
Санат:Тарих