Тамды — Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл, Тамды ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қаратау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Қаратау жотасының солтүстік баурайындағы бетеге, сұлыбас басым өскен сортаңды қызғылт қоңыр топырақты құрғақ шөлейтті далада орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен17191603 1299 81 813 654 80,4 790 645 81,6

Тарихы Тамды ауылы көлеміндегі Тамды, Ақшұқыр, Молотов, Жаңаөткел және Жалтөбе колхоздары Тамды кеңшарына біріктірілген. Бұл шаруашылық кейіннен Шолақтау совхозы, "Қойкелді батыр" агробірлестігі, соңынан "Қойкелді батыр" өндірістік кооперативі болып жұмыс істеді. Оның негізінде 1997 жылдан Тамдыда өндірістік кооператив және 50-ден астам шаруа қожалығы ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Қолбасшы Қойгелді батыр атындағы орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Ауылдың инженерлік инфрақұрылымы дамыған. 1995 жылдан ауданда тұңғыш рет табиғи газ отынын пайдаланады. Таза ауыз су жүйесі ауыл тұрғындарына тәулік бойы су беруде. Тамды темір жол бекеті арқылы халық темір жол арқылы жолаушылар тасымалдау қызметін тұрақты көруде.

Дереккөздер

Санат:Талас ауданы елді мекендері