Сабау қой () — қуысмүйізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі. Солтүстік-Шығыс Азия және Солтүстік Америка жерінде кездеседі. Дене тұрқы 178 см-дей, шоқтығының биіктігі 105 см, салмағы 140 кг-дай. Құлжасына қарағанда аналығының тұлғасы кіші, әрі салмағы екі еседей кем болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, ұзындығы 111 см, орамының жуандығы 36 см-дей. Тобымен жүреді, полигамды жануарлар. Ағашы жоқ тау төбелері мен өзен жағалауларындағы тау шатқалдарын мекендейді. Бұталар, шөптесін өсімдік, қыналармен қоректенеді. Қараша — желтоқсанда күйлеп, мамыр — маусымда аналығы көбіне жалқы қозы табады. Сабау қой — бағалы аң. Оның етінің, терісінің және мүйізінің кәсіптік маңызы зор.Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
Дереккөздер
Санат:Қуысмүйізділер
sah:Чубуку