'РамапитектерҚазақша энциклопедия 7 том. (Ramapіthecus) — адамтектес маймылдардың жойылып кеткен туысы. 2 түрі белгілі. Р-дің қаңқа сүйегі алғаш рет жоғары миоценнің шөгінді қабаттарынан 1934 ж. Үндістанда (Сивалик қыратынан) табылды. Кейін Шығыс Африкадан (Кения, 1962), Еуропадан (Венгрия, Түркия) табылған. Р. бұдан 12 — 14 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Тісінің құрылысы жағынан австралопитектерге ұқсас, сондықтан кейде солардың арғы тегі деп есептелінеді.
Дереккөздер
Толықтыру
Санат:Терминология