Ахат Сәлемхатұлы Күленов (15 сәуір 1932, Павлодар, Павлодар облысы – 27 желтоқсан 2007) — инженер-металлург, өнертапқыш, техника ғылыми кандаты, Халық Қаһарманы (1994).

Өмірбаяны Әкесі «халық жауы» ретінде қаза тапқаннан кейін Қаскелеңдегі балалар үйінде тәрбиеленді. Қазақ политехникалық институтын (1954) бітірген. Өскемен қорғасын-мырыш зауытында балқытушы, шебер, технолог (1954–58), цех бастығы (1958–71) болып жұмыс істеді. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында бас инженер (1971–81), бас директор (1981–87), «Қазполиметалл» мемлекеттік өндірістік бірлестігінің бас директоры (1987–91), «Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты» ЖАҚ-ның президенті (1991–95) қызметтерін атқарды. 1998 жылдан бері «Алтын аймақ» АҚ-ның президенті болды.

А. Күленов 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, жеке өзі және әріптестерімен бірге 100-ге жуық жаңалықтарды өндіріске енгізді. КСРО Жоғарғы Кеңесі (1981) мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің (1990) депутаты және ҚР Парламенті Сенатының (1995) депутаты болып сайланды.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Марапаттары

1971 жылы – Еңбек Қызыл Туы ордені 1974 жылы – Қазан революциясы ордені 1985 жылы – КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты 1994 жылы – "Халық Қаһарманы" атағы Еңбектегі ерлігі үшін медаль

Дереккөздер

Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының Ұлттар Кеңесінің депутаттары Санат:15 сәуірде туғандар Санат:1932 жылы туғандар Санат:Павлодарда туғандар Санат:27 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:2007 жылы қайтыс болғандар Санат:Отан орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Өскеменнің құрметті азаматтары Санат:Қазақстан Халық Қаһармандары