Геннадий Николаевич Бабкин (13.8.1923 жылы туған, Павлодар қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1976), профессор (1980), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1983). 2-дүниежүздегі соғысқа қатысқан.
ҚазМУ-ды (1950, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақстан Ғылым Академиясының аспирантурасын (1957) бітірген. Қазақ тау-кен және металлургия институтында ассистент (1950–1954), Қазақ химия-технологиялық институтында ассистент, кафедра меңгерушісі (1957), Қазақ политехникалық институтында доцент, кафедра меңгерушісі (1965), Жамбыл технологиялық институтының Алматы бөлімшесінде кафедра меңгерушісі (1984) қызметтерін атқарады.
Оның негізгі ғылыми еңбектері электрхимия саласын зерттеу мәселесіне арналған.
Бабкин 5 өнертабыстың авторы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:13 тамызда туғандар Санат:1923 жылы туғандар Санат:Павлодарда туғандар Санат:Қазақстан химиктері Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Тараз мемлекеттік университетінің профессорлары Санат:Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкерлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақ тау-кен және металлургия институты тұлғалары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқытушылары Санат:Тараз мемлекеттік университеті оқытушылары