Көкбел — Алматы облысы Райымбек ауданы, Қақпақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Нарынқол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей, ауылдық әкімшілік округ орталығы – Қақпақ ауылынан 5 км-дей жерде, Орта Қақпақ өзенінің жағалауындағы сұлыбас, бұта аралас көкшұнақ бетеге, қылқан боз, көде, т.б. астық тұқымдас шөптер өскен қара қоңыр, қара топырақты қоңыржай ылғалды тауаралық аңғарда орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен10801021 595 58,3 520 322 61,9 501 273 54,5
Тарихы Iргесі 1978 жылы құрылған қой шаруашылығымен айналысатын “Көксай” ұжымшары орталық ретінде қаланды. Оның негізінде Көкбелде 1997 жылдан серіктестіктер мен шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, мешіт, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы елді мекендері