Шалқия молибден кен орны - Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданы жерінде орналасқан. 1947 жылы ашылып, 1948-1958 жылдары барланған.

Геологиялық құрылымы Кең аумағындағы метаморфтануға шалынған, каледондық негіз құрамды тау жыныстары (габбро, амфиболит) оңтүстігінде ерте герциндік, солтүстігінде соңғы герциндік гранит массивтері арасынан орын алған. Кен өрісінің негіз құрамды тау жыныстарын ерте герциндік микрогранит штогы мен фельзит-порфир дайкалары қиып өткен. Гидротермалдық процестерден фельзит-порфирлер березитке айналып кварцты-молибденитті тарамшалармен айғыздалып, штокверк типті кентас құраған.

Жатыс сипаты Үш кентас денесінің екеуі фельзит-порфирдің березиттелген дайкаларынан (кентастың негізгі массасы шоғырланған), үшінші кварцтенген және біраз березиттенген микрограниттерден тұрады. Өзгелерден маңыздырақ штокверкті денелердің ұзындығы 150-700 м, қалыңдығы 20-270 м. Кентас 400 м-ге дейінгі тереңдікке кетеді, тотығу белдемінің тереңдігі 42 м.

Минералдары, құрамы Негізгі кентас минералы — молибденит, аз кездесетіні: пирит, ильменит, халькопирит, галенит, сфалерит, шеелит, вольфрамит. Молибденит пен пиритте селен, теллур, рений бар екендігі анықталған. Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлімҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы кен орындары