Плотников Владимир Николаевич (1832, Орынбор қаласы — 1875) – Ресей этнограф-суретшісі.

Орынбор уездік училищесін бітірген. Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесінің мүшесі. 1861 ж. Орал дистанциясындағы орыс әкімшілігі мен қазақтар арасындағы қарым-қатынасты ркттеу туралы дауда ол қазақтардың мүддесін қорғады. 1869 жылы - Елек уезінің бастығы, одан кейін Торғай уезінің судиясы болды.Қазақтар. 7-том. 88-бет "Білік" баспа үйі, Алматы, 2003

Шығыстанушы В.В. Григорьевпен және Ыбырай Алтынсаринмен қарым-қатынаста болған әрі олардың ықпалымен жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен салт-жоралары жайында ғылыми этнографиялық мақалалар жазып, көптеген суреттер салған. Әсіресе бейнелеу өнері арқылы қазақ халқының материалдық мәдениетін көрсететін тұңғыш деректемелердің бірі ретінде бұрынғы КСРО ғылым академиясының этнография мұражайында сақталған “Вл. Плотниковтың қазақтардың тұрмысы жайлы этнографиялық суреттері (1859 — 62)” атты альбомы аса құнды. 258 суреттен тұратын осы альбомда қазақтың киімдері мен әшекей заттары, үй мүліктері мен ер-тұрмандары және музыкалық аспаптары бейнеленген. Аталмыш альбом 1867 ж этнографиялық көрмеге қойылып, оған Мәскеу университеті жанындағы жаратылыстану қоғамының күміс медалі берілді.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

Дереккөздер

Санат:Ресей этнографтары Санат:1832 жылы туғандар Санат:1875 жылы қайтыс болғандар