Айжан – Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының солтүстік-шығысындағы көл. Теңіз деңгейінен 156,0 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 14,27 км2. Ұзындығы 5,9 км, ені 3,3 км. Суы ащы. Жағалауы жайпақ. Су деңгейі көктемде көтеріліп, шілде – тамыз айларында төмендейді. Қуаңшылық жылдары құрғап қалады. Қарашаның ортасында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында мұзы ериді. Суы тек мал суаруға жарамды.

Дереккөздер

Санат:Ұзынкөл ауданы көлдері