Жамалбек Болатов (9.03.1931, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесжылдық ауылы – 6.08.1978, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1971), профессор (1976).
Қазақ Педагогикалық Институттың филология факультетін (1952 жылы, қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) және аспирантурасын (1955 жылы) бітірген. Қазақ Педагогика Институтында оқытушы (1954–56 жылдары) Қазақстан Ғылым Академиясының қазіргі Тіл білімі институтының (1961 жылға дейін Тіл және әдебиет институты) ғылыми қызметкері (1956–76 жылдары) Қазақ Педагогика Иститутының қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі (1976–78 жылдары) қызметтерін атқарды. 1970 жылы «Қазіргі қазақ тілінің шығыс говорлар тобы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Болатовтың ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты қазақ тілінің диалектологиясы.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 томМұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8 Дереккөздер
Санат:9 наурызда туғандар Санат:1931 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Жамбыл облысы) туғандар Санат:6 тамызда қайтыс болғандар Санат:1978 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақ тілін зерттеушілер Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары Санат:Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызметкерлері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары