Балеар аралдары (; ) — Жерорта теңізінің батысындағы Пиреней түбегінен шығысқа қарай 200 км-дей жердегі аралдар тобы. Мальорка, Менорка аралдарынан және Питиус топаралынан тұрады. Бұл аралдар Испанияның Балеарес провинциясын құрайды. Ауданы 5 мың км². Халқы 690 мың адам (1997). Әкімшілік орталығы — Пальма қаласы. (Мальорка аралында).
Жер бедері үстіртті, аласа таулы келеді. Мальорка аралының солтүстік-батысын абс. биіктігі 1445 м тау жотасы алып жатыр. Менорка аралы үстіртті (абс. биіктігі 360 м). Климаты жерортатеңіздік. Жылдық жауын-шашын мөлшері 400 — 600 мм. Балеар аралдарында тікенді бұталар — маквис, гарига, орман ағаштары — тас емен, алепп қарағайы, тырбық пальма, т.б. өседі. Цитрус, зәйтүн, жүзімдіктерінен жақсы өнім алынады. Балеар аралдарында теңіз курорттары және халықаралық туризм орындары бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Елді мекендер Мальорка Пальма-де-Мальорка (Балеарестің астанасы) Сольер Льюкмайор Манакор Сантаньи Арта Польенса Валдемосса Аларо Дейя Инка Андраткс Санта Понка Магалуф Колония-де-Сант Джорджи Калес де Мальорка Капдепера
Менорка Маон Сьюдадела-де-Менорка Санта Томас Форнелс Бинибеса Сан-Луис Феррериес Сон Парс Сон Бой Кала Бланка Кала Эн Боск Кала Морель
Ивиса Ивиса Сан-Антони-де-Портмани Сан-Рафаэль Эс Канар Сант-Карлес-де-Пералта Кала-де-Сант-Висентhttps://www.google.com/url?sa=t&source=web&rct=j&opi=89978449&url=https://znanierussia.ru/articles/%25D0%2598%25D0%25B2%25D0%25B8%25D1%2581%25D0%25B0&ved=2ahUKEwiE9JiWg9KKAxX5ExAIHXHqF5IQFnoECBEQAQ&usg=AOvVaw3zitPjCroUe3MQ0Ryr42OY
Формонтера Эс Пуджолс Эль Пилар де Ла Мола
Дереккөздер
Санат:Испания аралдары Санат:Балеар аралдары