Сайлаубек Естайұлы Жұмабек (12.2.1946 жылы туған, Түркістан облысы,Ащысай ауылы) – әдебиет сыншысы, жазушы.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Басқа дерек бойынша Ысты руынан шыққан.
ҚазМУ-дың филологиялық факультетін (1970), М.Әуезов атындындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген (1973). 1974 – 79 жылдары Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде сценарий бөлімінің аға редакторы, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, республикалық «Ара-Шмель» сатиралық журналында бас редактор болды. 1996 – 2004 жылдары Қазақстан жазушылар одағының аға референті – әдеби кеңесшісі. Қазір «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби сын бөлімінің меңгерушісі.
«Сын пернесі» (1989), «Ғабит Мүсірепов» (1989), «Жұлдызы нұрлы суреткер» (1993), «Қазығұрт перзенті» (1998), «Сын әуені» (2001), «Шерхан Мұртаза. Жұлдызы нұрлы суреткер» (2002), «Тахауи Ахтанов. Талант тектоникасы» (2003) атты кітаптардың авторы.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері (1999), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясыҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Санат:1946 жылы туғандар Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан әдебиет сыншылары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегерлері