Қошқарбай — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Нұраталды ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстікке қарай 40 км жерде, Талды өзенінің оң аңғарында, Астана-Алматы автожолдары бойында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен918819 656 80,1 410 328 80 409 328 80,2

Тарихы Іргесі 1931 жылы Нұраталды кеңшары болып құрылды. 1930–97 жылдары сүт өндіретін Нұраталды кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылы Қошқарбайда және округтегі Аққияқ, Ақсу, Қызылқой, Шопа ауылдарында шаруа қожалықтары құрылды. Кеңшардың негізінде 103 шаруа қожалығы құрылған (2006).

Шаруашылығы Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары – сүтті ірі қара өсіру, қосымша саласы - егін шаруашылығы. Жерінің жалпы ауданы 109 мың га.

Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде 4 мектеп, 2 клуб, кітапхана, отбасылық дәрігерлік амбулатория, ФАП бар. Ұлы Отан соғысында Даңқ Орденінің толық иегері атанған Ботай Байзақов тұрып еңбек етті. Оның атында көше бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Қарамұрын т.ж. станциясы 45 км жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы елді мекендері