Шафранский Леонид Львович (18 Сәуір 1930 жылы туған, Украина, Винница облысы Возов селосы) – медицина ғылымының докторы (1974), профессор (1985).

Қысқаша өмірбаяны:

1952 жылы Винница медициналық институтын бітірген. 1952–1965 жылдары Винница қаласында дәрігер. 1965 жылдан Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Шафранский сүйек саркомасын анықтау, емдеу әдістерін тауып, емделетін әрбір науқастың радиациялық сәулеге деген сезімталдығын анықтау әдісін ұсынды. 2 авторлық куәлік алған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер:

Санат:1930 жылы туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері