Ядролық оқ-дәрілер – әр түрлі типтегі, мақсаттағы ракеталардың ұрыс бөлімдері, авиациялық бомбалар, снарядтар, кеме торпедолары, тереңдікке тасталатын бомбалар мен ядролық зарядты фугастар. Ядролық оқ - дәрілердің негізгі элементтері: ядролық заряд, нейтрондар көзі, нейтронды тойтарғыш, әдеттегі жарылғыш зат заряды, заряд қабығы, жарылғыш қондырғы мен оқ-дәрі қорабы (қабығы). Қуаттылығына қарай ядролық оқ - дәрілер шартты түрде 3 калибрге бөлінеді: шағын (тротил эквивалентімен 15 мың тоннаға дейін), орташа (15 – 100 мың т) және ірі (100 мың және одан көп т). Термоядролық оқ-дәрі қуаты ондаған млн, тіпті 100 млн. т-ға жетуі мүмкін. Ядролық оқ - дәрілер әсерінің қашықтығы нысанаға жету тәсіліне байланысты (ракета, авиация, т.б.).

Ядролық оқ-дәрілер құрылымы

(Устройство ядерных боеприпасов) — бөлінетін заттар зарядынан тұратын ядролық бомбаның негізгі элементтері: ядролық заряд (бөлінетін зат) нейтрондар көзі нейтрондардағы қайтарғыш жарылғыш зат заряды корпусы (қабығы). Ядролық бомбада ядролық заряд ретінде уран 235, сондай ақ жасанды жолмен алынған уран 233 пен плутоний 239 қолданылады. Әр түрлі ядролық, оқ-дәрілердің құрылымы, негізінен, бірдей.

Ядролық оқ-дәрілердің күші

(Мощность ядерного боеприпаса) — жарылыс кезінде бөлінетін энергия мөлшері. Ол тротил эквиваленті бойынша, яғни жарылыс энергиясы берілген ядролық оқ-дәрінің жарылыс энергиясына тең болатын тротил салмағымен есептеледі. Тротил эквиваленті әдетте тоннамен өлшенеді (бірнеше тоннадан ондаған миллион тоннаға дейін). Осылайша, 100 мың тонналық тротил эквиваленті бар ядролық оқ-дәрі жарылғанда 100 мың т. тротил бөліп шығаратындай мөлшерде энергия беледі. Ядролық оқ-дәрілердің күші жағынан шартты түрде: кіші, орта ірі калибрлерге бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Ядролық қару Санат:Оқ-дәрілер