ӘБІРОВ Қабыжан Қабылқайұлы (1940, бұрынғы Көкшетау облысы Рузаев ауданы Қараағаш а. — 1991) — еңбек ардагері. Алматы а.ш. ин-тын бітірген (1961). Софиев кеңшарының директоры қызметін атқарған (1969 — 91). Кеңшар жұмыстарын жақсы ұйымдастырғаны және ауданның әлеум.-экон. дамуына қосқан зор үлесі үшін Ә. 2 мәрте «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған."Қазақ Энциклопедиясы" Дереккөздер
Санат:1940 жылы туғандар Санат:Ақмола облысында туғандар Санат:1991 жылы қайтыс болғандар Санат:Ақмола облысы тұлғалары