Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті — Батыс Қазақстан облысындағы жоғары оқу орны әрі ірі ғылыми-оқу орталығы.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Тарихы Алғашында Орал педагогикалық институты болып педагог кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны болды. 1932 жылы Орынбор қаласынан көшірілген Халық ағарту институтының негізінде ашылды. 1937-жылдан бастап институт А. Пушкин атын алды. 1996 жылы Пушкин атындағы Батыс Қазақстан Гуманитарлық Университеті болып өзгерген. 2000 жылы Университет Орал қаласындағы Батыс Қазақстан агротехника академиясын және Мәдениет институтымен біріктіріліп Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университет болып қайта құрылды. 2002 жылы БҚАУ құрамынан шығып, 2003 жылы Университет Махамбет Өтемісұлы атын алды.

Құрылымы Оқу орнының құрамында 6 факультет бар:Бакалавриат мамандықтары Педагогикалық факультет Мәдениет және өнер факультеті Физика-математика факультеті Жаратылыстану-география факультеті Тарих, экономика және құқық факультеті Филология факультеті

Университетте 20 мамандық бойынша аспирантура, екі канд. дисс. қорғау жөніндегі ғылыми кеңес бар. Сондай-ақ университеттің редакциялық-баспагерлік бөлімі дербес баспаханамен жарақтандырылған, мұнда «БҚУ Хабаршысы» жинағы шығады. Университет кітапханасында 1 млн-нан астам кітап қоры жинақталған, онда электронды каталог пен жергілікті компьютерлік желі іске қосылған. Университеттің 5 оқу ғимараты, 4 жатақхана, 600 мың кітап қоры жинақталған кітапханасы бар. Мұнда зоология мұражайы, биохимия лабораториясы, жаңа ақпараттар лабораториялары жұмыс істейді. Университет кадрлар даярлаудың көп сатылы жүйесіне көшіріліп, әмбебап мамандарды даярлауға бағытталған. Университетте 2,5 мыңнан аса студенттер дәріс алады. Ағылшын, неміс және араб тілдері оқытылады. Мұнда 4 ғылым докторы, 85 ғылым кандидаты, 17 профессор және жүзден астам доцент еңбек етеді.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Орал жоғарғы оқу орындары Санат:Қазақстан университеттері Санат:Батыс Қазақстан облысы сәулеті Санат:Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері