Талы — Обаған алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Сарыкөл ауданы жерінде, Қараоба елді мекенінен батысқа қарай 3 км жерде, теңіз деңгейінен 94,5 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 11,3 – 13,91 км², ұзындығы 6,7 км, енді жері 3,1 км. Орташа тереңдігі 1,0 м. Су мол жылдары Обағанмен бірігіп кетеді. Көлдің жағалауы саз балшықты, жазық, қамыс өседі. Мал, егін суаруға пайдаланылады.
Санат:Обаған су алабы Санат:Сарыкөл ауданы көлдері