Keeps Gettin' Better: A Decade of Hits — америкалық әнші Кристина Агилераның 2008 жылы шыққан үздік хиттер альбомы.

Мұнда әншінің алдыңғы студиялық альбомдарындағы барлық синглдер топтастырылды. Сонымен қатар екі әннің жаңаша шырқалуы ұсынылды және жаңа шыққан тағы екі ән қосылды (Keeps Gettin' Better және Dynamite).

Альбом АҚШ-тың Billboard 200 чартында 9-орынға және Ұлыбританияның Official Charts тізімінде 10-орынға көтерілді.

2019 жылға қарай АҚШ-та альбомның 614 мыңнан астам данасы сатылды.

Композициялар тізімі

Дереккөздер

Санат:Кристина Агилера альбомдары