«Кавалькада» () — режиссер Фрэнк Ллойд түсірген америкалық ақ-қара драма фильмі. Туынды ағылшын драматургі сэр Ноэл Кауардтың аттас пьесасы негізінде түсірілген.
«Үздік фильм» номинациясы бастаған үш бірдей «Оскар» сыйлығын (үздік фильм, үздік режиссёр және үздік қоюшы суретші жұмысы) иеленді. Басты рөлді сомдаған Дайана Уиньярд «Үздік актриса» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығына ұсынылды.
Сюжеті Фильм Лондон қаласының тұрғындары Джейн мен Роберт Марриоттардың көзқарасы арқылы ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ағылшын тарихының маңызды кезеңін баяндайды. Оқиға 1899 жылдың жаңа жыл қарсаңынан басталып, 1933 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықты қамтиды. Картинаның фоны ретінде екінші англо-бур соғысы, королева Викторияның өлімі, «Титаниктің» апаты және Бірінші дүниежүзілік соғыс сияқты ірі тарихи-драматикалық оқиғалар суреттеледі.
Басты рөлдерде Дайана Уиньярд — Джейн Марриот Клайв Брук — Роберт Марриот Уна О'Коннор — Эллен Бриджес Херберт Мандин — Алфред Бриджес Маргарет Линдси — Эдит Харрис Бонита Гренвилл — жас Фанни
Дереккөздер
Санат:1933 жылғы АҚШ фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Фрэнк Ллойд фильмдері Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер) Санат:Fox Film фильмдері Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:АҚШ тарихи фильмдері