Алтай әуежайы (немесе Зырян әуежайы) — Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысындағы әуежай. Әуежай жолағының іргетасы архивтік негіздерде 1986 жылы ашылғаны жазылған. Тарихы 1934 жылы Өскемен қаласы мен Семей, Зырян және басқа да елді мекендер арасында тұрақты авиациялық байланыс (негізінен пошта тасымалы ретінде) ресми түрде жолға қойылды. Әуежайлардың алғашы ретінде Өскемен әуежайы 1936 жылы ашылды.Қазақстан қалаларындағы авиация тарихы Ал Зырян әуежайы халыққа алғаш рет 1986 жылы ашылды. Әуежай Зырян қаласының маңайында Зубовка кентінің жанында өзен бойында ашылды. Әуежай терминалының қабырғасы ақ кірпішпен қаланды. 1986 жылы әуежайға Яковлев Як-40 атты жолаушылар ұшағы Өскеменнен Зырянға қонды. Кейін әуежай Антонов Ан-28, Илюшин Ил-14 ұшақтарын қабылдады.. Әуежай маңында 1980-жылдардың ортасында Илюшин Ил-14 ке ескерткіш қойылған, бірақ ол ескерткіш қазіргі уақытта бұзылып қалған екен. Әуежай КСРО ыдырағаннан кейін көп ұзамай жұмысын тоқтатты. Қызмет көрсететін ұшақұтар КСРО-дағы жағдай бойынша Алтай әуежайы Антонов Ан-28 ұшағын, Илюшин Ил-14 ұшағын, Яковлев Як-40 ұшақтарын қабылдай алды. Ұшу қону жолағы бетон мен салынған. Ұзындығы 1453 метр. Соңғы рет 2015 жылы Мил Ми-2 тікұшағы осы әуежайда байқалған. Қазіргі жағдайы Әуежай қазір бос қаңырап қалған. Жергілікті тұрғындарың айтуынша әуежай ұзақ уақыт қаңырап қалған, және ол кеңестік заманда қолданылғаны айтылады. Әуежай орналасқан аумақтың жалпы көлемі – 24,5031 гектар. Аудан әкімдігі бұл нысанды болашақта туризм саласын дамытуға немесе экономикалық тұрғыдан тиімді басқа бағыттарға пайдалануға болатынын атап өтті. Ресми ақпаратқа сәйкес, әуе қатынасын қалпына келтіру өңірдегі көлік қолжетімділігін арттырып, туристік ағынның өсуіне ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар қонақүй, қоғамдық тамақтану, көлік қызметтері секілді шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік береді деген мәлімдеме бар.
Аудан әкімінің орынбасары Татьяна Мыслимованың сөзінше, Алтайда әуежайдан басқа да қараусыз қалған нысандар бар. Бірақ олар Мемлекеттік мүлік заңнамасына сәйкес мемлекеттік емес заңды және және жеке тұлғаларға басқаруға беріліпті.
Мәлім болғандай, былтыр ауданға 62808 турист келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға жоғары. Сауалхат жауабына зер салсақ, туризм саласында бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы инфрақұрылымды дамыту, Жаңа Бұқтырма кентін абаттандыру, демалыс орындарын көбейту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Орел тауы маңында тау-шаңғы кешенін дамыту, жаңа демалыс орындарын ашу, туристерге арналған нысандар салу жобалары қолға алынған.Алтай ауданындағы қараусыз қалған әуежай қайта жандана ма?
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысы әуежайлары