Делберт Манн (; туған кездегі есімі — Делберт Мартин Манн кіші (); 30 қаңтар 1920, Лоренс, Канзас, АҚШ — 11 қараша 2007, Лос-Анджелес, Калифорния, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр және кинопродюсер, сонымен қатар телевизия режиссері.
Үздік режиссер жұмысы үшін «Оскар» сыйлығының иегері атанған ол — әлемдік кинематограф тарихында бұл марапатты дебюттік фильмы үшін алған алты режиссердің бірі. 1967–1971 жылдары Америка режиссерлер гильдиясының президенті қызметін атқарды.
Өмірбаяны Колледж оқытушысының отбасында дүниеге келген. Теннесси штатының Нэшвилл қаласындағы Вандербильт университетін бітірген. 1941 жылы оқуын тәмамдап, әскерге шақырылды. АҚШ Армиясының әскери-әуе күштерінің ұшқышы ретінде Екінші дүниежүзілік соғыстың еуропалық майданындағы ұрыс әрекеттеріне қатысты.
Соғыс аяқталған соң демобилизациядан өткеннен кейін Манн Йель университетінің драма өнері мектебіне түсіп, кейін Оңтүстік Каролина штатындағы Колумбия қаласының театрында жұмыс істеді. 1949 жылы досы, режиссер әрі продюсер Фред Коудың шақыруымен Нью-Йоркке көшіп барып, NBC телеарнасында еңбек етті. Көп ұзамай америкалық телевизияның ең танымал режиссерлерінің біріне айналып,Өмірбаяны на сайте IMDb 1954 жылы Пол Ньюман ойнаған Our Town телефильміндегі режиссерлік жұмысы үшін «Эмми» сыйлығына номинация алды.
Бұдан бір жыл бұрын Манн телевизия үшін Пэдди Чаефскидің сценарийі бойынша «Марти» атты фильмді түсірген болатын. Орташа табысқа қол жеткізген бұл телеқойылым 1955 жылы толықметражды көркем фильмге айналды. Шамамен 350 000 долларға түсірілген «Марти» прокатында 3 000 000 долларға жуық қаржы жинап,Фильмнің прокаттық тағдыры туралы деректер на IMDb 1950 жылдардың ортасында үлкен жетістікке жетіп саналды. Туынды 4 «Оскар» сыйлығын, соның ішінде ең үздік фильм (продюсер Харольд Хехтке берілді) және ең үздік режиссура марапаттарын иеленді. Сондай-ақ Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» жүлдесіне ие болды (бұл сыйлықтың алғашқы берілген жылы, бұған дейін Каннда «Бас жүлде» табысталатын).
Кейінгі жылдары Маннға бұрынғыдай ірі жетістікке қол жеткізу қиынға соқты, алайда ол өз телефильмдері үшін тағы екі мәрте (1978 және 1980 жылдары) «Эмми» сыйлығына ұсынылды. Манн төрт жыл бойы (1967–1971) Америка режиссерлер гильдиясының президенті қызметін атқарды.
Манн 2007 жылы 11 қарашада Лос-Анджелес қаласындағы госпитальда пневмониядан 87 жасында қайтыс болды.
Дереккөздер
Санат:АҚШ телережиссерлері Санат:Пневмониядан қайтыс болғандар Санат:Америка режиссерлер гильдиясы сыйлығының лауреаттары Санат:Йель университеті түлектері Санат:Америка режиссерлер гильдиясының президенттері Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері