SAG-AFTRA (Screen Actors Guild — American Federation of Television and Radio Artists — «Киноактерлер гильдиясы — Америка радио және теледидар актерлерінің федерациясы») — кино, телевизия, радио және жаңа медиа саласындағы актерлердің, теле- мен радиожүргізушілердің, сондай-ақ басқа да өнеркәсіп қызметкерлерінің мүддесін қорғайтын кәсіподақ. Ол 2012 жылы екі ұйымның бірігуі нәтижесінде құрылды:

Киноактерлер гильдиясы (SAG) — 1933 жылы негізі қаланған, кино мен телевизия актерлердің мүддесін қорғады. Америка радио және теледидар актерлерінің федерациясы (AFTRA) — 1937 жылы негізі қаланған, радио және телевизия қызметкерлерінің мүддесін ұсынды.

Ол бүкіл әлем бойынша шамамен 170 000 медиамаманның мүддесін қорғайды. SAG-AFTRA — АҚШ-тағы ең ірі кәсіподақтар федерациясы саналатын AFL-CIO ұйымының мүшесі. Сондай-ақ SAG-AFTRA Халықаралық актерлер федерациясының (International Federation of Actors) мүшесі болып табылады.

Кәсіподақтың танымал ереуілдері 2016—2017, 2023, 2024 жылдары орын алды.

Actor Awards

Actor Awards — кино және прайм-тайм телевизиясындағы үздік өнер көрсетілімдерін марапаттау үшін 1995 жылы (Screen Actors Guild Awards ретінде) негізі қаланған марапаттау рәсімі. Содан бері ол Алтын глобус және Оскар сыйлықтарымен қатар Голливуд киноиндустриясындағы басты марапаттау оқиғаларының бірі болып келеді. Марапаттар жеке актерлік ойынға да, драма және комедиялық сериалдардың толық ансамблінің, сондай-ақ толықметражды фильм актерлерінің жұмысына да бағытталған.

Дереккөздер

Санат:АҚШ кәсіподақтары