thumb|300px|Бэк-вокалшылар

Бэк-вокал () — негізгі вокалдық партияны сүйемелдейтін ән орындау.

Бэк-вокалшы () — соло вокалшыға өз әнімен сүйемелдейтін адам. Альбомдарды жазу кезінде бэк-вокалшының рөлін көбінесе негізгі вокалдық партияны орындайтын адамның өзі атқарады. Бұл ретте жанды дауыстағы концертерде бұл міндет топ мүшелеріне, не арнайы шақырылған әншілерге жүктеледі, яки фонограмма дыбысын пайдалану арқылы орындалады. Әдетте, бэк-вокал композициялардың салыстырмалы түрде қысқа тұстарында болып, негізгі вокалды қайталайды. Мұндай сәттердің жарқын мысалы — қайырмалар. Алайда негізгі әуенді қолдаумен қатар, бэк-вокал контраст қызметін де атқара алады.

Көбінесе рок-музыкада егер бэк-вокал партиясын орындаушы негізгі вокал желісін қайталамайтын болса, оны терция интервалында орындайды.

Рок-топта бэк-вокалшы рөлін кез келген басқа қатысушы атқара алады. Сондай-ақ металдың ауыр бағыттарында таза вокал мен экстремалды вокалдың үйлесуі бэк-вокал болып саналады; бұл жағдайда бэк-вокалшы вокалдық партиялардың едәуір бөлігін орындай алады.

Дыбыс жазу студиясында кейбір жеке әншілер көпжолақты дыбыс жазу жүйесі арқылы дыбысты үстіне жазу (овердаббинг) әдісін қолдана отырып, алдымен өздерінің бэк-вокалын, содан кейін олардың үстінен негізгі партияны жазады. Кейбір әншілер бұл әдісті ұнатады, өйткені бір әнші жазған бірнеше дауыс өте үйлесімді шығады.

Овердаббингтің әйгілі мысалдарының бірі — Queen тобының «Bohemian Rhapsody» әніндегі Фредди Меркьюридің көп дауысты кіріспесі.

Сыртқы сілтемелер R.E.S.P.E.C.T — The Art of Backing Vocals (BBC Radio 4 programme)

Дереккөздер

Санат:Әншілік дауыстар Санат:Ән айту