Комрат мемлекеттік университеті (KDU; ) — Молдованың Комрат қаласында орналасқан мемлекеттік университет. Ол 1991 жылғы 11 ақпанда Ресей білім беру қоры мен Комрат аймақтық депутаттар кеңесі атқару комитетінің шешімімен құрылған Гагауз ұлттық университетінің құқықтық мұрагері болып табылады. 2002 жылы Молдова үкіметінің қаулысымен мемлекеттік университет мәртебесін алды.

Құрылымы border|right|frameless|268x268px Университетте 4 факультет бар: Ұлттық мәдениет факультеті Экономика факультеті Құқық факультеті Аграрлық-технологиялық факультет

Университетте аймақтың қажеттіліктеріне сәйкес 38 мамандық бойынша білім беретін 17 кафедра жұмыс істейді. Сонымен қатар екі ғылыми орталық, агроэкологиялық орталық және ақпараттық технологиялар орталығы бар.

Университеттің басты міндеттерінің бірі — Молдова Республикасының, әсіресе Гагаузияның жоғары білікті мамандарға деген қажеттілігін қанағаттандыру.

Барлық студенттер ғағауыз тілін оқиды. Бұл тіл Молдова Республикасы құрамындағы Ғағауызстанның ресми тілі болып табылады, алайда сабақтардың барлығы дерлік орыс тілінде өткізіледі. «Ғағауыз тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша сабақтар ғағауыз тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар курстық және дипломдық жұмыстар да осы тілде жазылады. Сабақтар румын, болгар және ағылшын тілдерінде де өткізіледі.

Комрат мемлекеттік университеті ғылыми конференциялар ұйымдастырады. Жыл сайын қаңтар-ақпан айларында университеттің мерейтойларына арналған ғылыми конференциялар өткізіледі. Молдова-Ресей симпозиумының маңызы ерекше.

Университетте ғағауыз филологиясы, экономика және менеджмент салалары бойынша докторантурада білім алуға болады. Университет құрамында бірқатар шет мемлекеттердің тілдері мен мәдениеттеріне арналған алты орталық жұмыс істейді. Олар Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия, Әзербайжан және Грекияның Молдовадағы елшіліктерінің қолдауымен құрылған.

Университет Балқан университеттері желісіменKonferenz der Balkan Universitäten Mai 2010 in Edirne және Түркия, Болгария, Ресей, Германия мен Қытайдың басқа да жоғары оқу орындарымен кең ауқымды халықаралық байланыстар орнатқан. Бұл байланыстар білім беру және ғылыми жұмысты жетілдіру мақсатында студенттер мен оқытушылар алмасуға мүмкіндік береді.

Университет халықаралық TEMPUS жобасына белсенді қатысады. 2006 жыл — Швеция корольдік университетімен бірлесіп «Tempus» жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде Іскерлік-ақпараттық орталық құрылды. 2008 жыл — Молдова техникалық университетімен бірлесіп «Университеттер мен кәсіпкерлер арасындағы байланыс» жобасы жүзеге асырылды; 2009 жыл — Германияның Кобленц-Ландау университетімен бірлесіп әкімшілік қызметкерлерді даярлау орталығын құру жобасы жүзеге асырылды. Молдова Республикасында аккредиттелген елшілердің Комрат мемлекеттік университетінде өткізетін ашық дәрістері ерекше маңызға ие.

Мүшелігі Университет Кавказ университеттері қауымдастығының мүшесі болып табылады.Tüm Uyeler . kunib.com

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Ресми сайты Комрат мемлекеттік университеті туралы ақпарат

Санат:Молдова университеттері Санат:Комраттағы ғимараттар мен құрылыстар Санат:Ғағауызстандағы білім беру Санат:Молдовада 1991 жылы құрылғандар Санат:1991 жылы құрылған университеттер мен колледждер