Айдарбек Айтжанов (25 желтоқсан 1907 жыл, Жіңішке ауылы, Нұра ауданы, Қарағанды облысы — қайтыс болған жылы белгісіз) — кеңестік партия қызметкері, педагог.Айтжанов Айдарбек // Сыр елі: энциклопедия. — Алматы: «Тау-Қайнар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 2024. — 93-бет.
1930–1931 жылдары Қызылорда қаржы-экономикалық техникумында оқыған. 1932 жылы Ақмола педагогикалық техникумын, 1938 жылы Алматыдағы Қазақ марксизм-ленинизм институтын бітірген.
1928–1930 жылдары Ақмола облысының №18 және №15 ауылдарындағы бастауыш мектептерде мұғалім және мектеп меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1932–1937 жылдары Ақмола қаласындағы жеті жылдық фабрика-зауыт мектеп-интернатында мұғалім, қойма меңгерушісі және директор болған.
1938–1939 жылдары Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы Орталық комитетінің Жоғары партия мектебінде оқытушы, 1939–1941 жылдары Қазақ педагогикалық институтында (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) аға оқытушы болып жұмыс істеген.
1941–1946 жылдары Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы Орталық комитетінің аппаратында лектор, 1946–1947 жылдары партияның Қызылорда облыстық комитетінің хатшысы қызметін атқарған. 1947–1948 жылдары Мәскеудегі Қоғамдық ғылымдар академиясының тыңдаушысы болған.
1948 жылғы наурызда Қызылорда педагогикалық институтының (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті) директоры болып тағайындалған. Сол жылғы тамызда денсаулығына байланысты қызметінен босатылған. Одан кейінгі өмірі туралы мәлімет жоқ.
Марапаттары
Қызыл Жұлдыз ордені (1945)
Дереккөздер Санат:1907 жылы туғандар Санат:Қарағанды облысында туғандар