Халықаралық кинопресса федерациясы (аббр. ФИПРЕССИ, FIPRESCI, ) — киносыншылар мен кинотанушылардың басын қосатын халықаралық ұйым.

1930 жылғы 6 маусымында Брюссель қаласында француздар мен бельгиялықтардың бастамасымен құрылған. Олар тіпті 1925 жылдың өзінде-ақ кинопрессаның кәсіби одағын құрған болатын. Бас ұйымның бүкіл әлем бойынша 50-ден астам ұлттық бөлімшесі бар. Ұйымның мақсаты — "кино мәдениетін насихаттау, дамыту және кәсіби мүдделерді қорғау".

ФИПРЕССИ мүшелерінен жасақталған қазылар алқасы көптеген халықаралық кинофестивальдерде жұмыс істеп, фестивальдегі фильмдерді арнайы сыйлықтармен марапаттайды. Киносын тұрғысынан ең үздік фильмге берілетін алғашқы ФИПРЕССИ сыйлығы тұңғыш рет 1946 жылы бірінші Канн халықаралық кинофестивалінде табысталды. ФИПРЕССИ сыйлықтары кинематография әлемінде үлкен маңызға ие.

Дереккөздер

Санат:1930 жылы құрылған ұйымдар Санат:Халықаралық бейкоммерциялық ұйымдар Санат:Журналисттік ұйымдар Санат:Киносыншылар қауымдастықтары