«P.Y.T. (Pretty Young Thing)» () — америкалық әнші Майкл Джексонның әні, оның алтыншы студиялық альбомы Thriller-ден шыққан алтыншы сингл. Композицияның авторлары — Джеймс Ингрэм мен Куинси Джонс, продюсері — Джонс. Ән 1983 жылы қыркүйекте Epic Records лейблінде сингл ретінде шығарылды.
Композиция америкалық Billboard Hot 100 чартында 10-орынға көтеріліп, Thriller альбомынан хит-парадтың ондығына енген алтыншы сингл болды. «P.Y.T.» Ұлыбританияның UK Singles Chart чартында 11-орынға ие болды. 1984 жылы ән «Грэмми» сыйлығына ұсынылды.
2008 жылы Джексонның Thriller 25 альбомының қайта шығарылған нұсқасында «P.Y.T. (Pretty Young Thing) 2008» атты әннің қайта өңделген нұсқасы жарық көрді. Ремикс will.i.am қатысуымен жасалды.
Жасалу тарихы және композицияның ерекшеліктері Композицияның алғашқы демонұсқасын Майкл Джексон мен Грег Филингейнс жазды, ол баяуырақ әрі әуездірек болды. Продюсер Куинси Джонс Thriller альбомында онсыз да балладалар тым көп деп есептеп, Джеймс Ингрэммен бірге әнді толығымен қайта өңдеді. Нәтижесінде «P.Y.T.» Джексонның альбомдағы ең жылдам әндерінің біріне айналып, си минор үндестілігінде жазылды.
Бэк-вокалды жазуға Джексонның әпкелері Джанет пен Ла Тойя қатысты. Олар бриджде әншінің соңынан «na na na» деп қайталайды. Композиция фанк және джаздық ритм-энд-блюз жанрларында орындалған. Мәтінде музыкант «сүйкімді жас қызалаққа» деген тәлімсушілік танытады. Ән мәтінінде ағылшын тілінің ескі лексиконын қолданылған. Сыншылар фанк риффтерін, сондай-ақ госпел музыкасына тән «шақыру және жауап» тәсілінің «жұқпалы» элементтерін атап өтті.
Композицияның бастапқы демонұсқасы 2004 жылы Michael Jackson: The Ultimate Collection бокс-сетіне енгізілді.
Синглдің шығарылымы және сыншылардың әсері «P.Y.T. (Pretty Young Thing)» Джексонның алтыншы студиялық альбомы Thriller-ден шыққан алтыншы сингл ретінде 1983 жылы 19 қыркүйекте шығарылды. Сатылымға 7 және 12 дюймдік винил пластинкалар түсті. Композиция америкалық Billboard Hot 100 чартында 10-орынға көтеріліп, Thriller альбомынан хит-парадтың ондығына енген алтыншы сингл болды. «P.Y.T.» Ұлыбританияның UK Singles Chart чартында 11-орынға ие болды. Сингл Ұлыбританияда, Данияда және Мексикада алтын, ал АҚШ-та төрт платина сертификатына ие болды..
Billboard рецензенттеріне «P.Y.T.» Джексонның бұрынғы шығармаларын еске түсірді. Rolling Stone журналының сыншылары ән альбомның басқа композициялары қалыптастырған атмосфераға үйлеспейді деп есептеді. Los Angeles Times журналисті 2008 жылы: «Әннің аранжировкасында белгілі бір тартымдылық бар, ол “Beat It” сияқты күшті болмаса да, “Human Nature” сияқты біркелкі әрі тегіс емес. Алайда синтезатордың толқынды дыбыстары мен бас партиясы өз міндетін өте жақсы атқарады. Композиция соңындағы гелиймен дем алғаннан кейінгі дауысқа ұқсайтын өңделген вокал әннің ширек ғасыр бойы есімде қалуына жеткілікті болды», — деп жазды. PopMatters журналистері «P.Y.T.» би-поп жанрындағы сансыз композицияларға шабыт болды деп есептеді. 1984 жылы ән «Грэмми» сыйлығына «Үздік ритм-энд-блюз әні» санатында ұсынылды, бірақ Джексонның басқа әні — «Billie Jean» жеңіске жетті.
Жазбаға қатысушылар
Майкл Джексон — вокал, бэк-вокал, шапалақ Куинси Джонс — сөздер, музыка, аранжировка Джеймс Ингрэм — сөздер, музыка, бэк-вокал, аранжировка, шапалақ Говард Хьюит — бэк-вокал Джанет Джексон, Ла Тойя Джексон, Бекки Лопез, Банни Халл — «сүйкімді жас қызалақ» («P.Y.T.’s») рөліндегі бэк-вокал
Грег Филингейнс — синтезаторлар, шапалақ Майкл Боддикер — Emulator Пол Джексон — гитара Льюис Джонсон — бас-гитара, шапалақ Стивен Рой — шапалақ Леон Ндугу Ченслер — соқпалы аспаптар
Синглдердің композициялар тізімі 7" (Epic Records каталогтағы нөмірі — 34-04165)
12" (Epic Records каталогтағы нөмірі — TA 4136)
Чарттардағы орындары және сертификаттары
Чарттардағы орындар Чарт (1984) Ең жоғары позиция Аустралия4023px Бельгия (Фландрия)6 Ұлыбритания11 Ирландия4 Канада17 ГФР51 Нидерланд14 Польша19 АҚШ (Hot 100)10 АҚШ (R&B/Hip-Hop Songs)46
Сертификациялар Мемлекет Сертификат Ұлыбритания (BPI)Алтын Дания (IFPI)Алтын Мексика (AMPROFON)Алтын АҚШ (RIAA)4× Платина
Семплирлеу және кавер-нұсқалар 1995 жыл. Әнші Smooth Джексонның композициясының қайырмасын Тупак Шакурмен бірге жазылған «P.Y.T. (Playa Young Thugs)» трегінде пайдаланды. 2007 жыл. Канье Уэсттің T-Pain қатысуымен жазылған «Good Life» композициясында «P.Y.T.» әнінің семплдері қолданылды. Ол Уэсттің Graduation альбомына енгізілді. Сингл Billboard Hot 100 чартында жетінші орынға көтерілді. 2015 жыл. Джейми Фокс Джексонға арналған трибьют ретінде әннің кавер-нұсқасын шығарды.
P.Y.T. (Pretty Young Thing) 2008 2008 жылы «P.Y.T. (Pretty Young Thing) 2008» деп аталатын әннің ремиксі Thriller 25 альбомының қайта шығарылған нұсқасына енгізілді. Композицияның жаңа нұсқасы will.i.am қатысуымен жазылды, бірақ сингл ретінде шығарылмады. Ремиксте Джексонның әннің бастапқы деможазбасындағы вокалы қолданылды.
«Ән шын мәнінде әдемі, есте қаларлық аранжировкадан басталады, — деп жазады IGN порталының сыншысы. — Бірақ оған will.i.am араласқан сәтте, ол сергек әрі еліктіретін композициядан Black Eyed Peas тобының репертуарына ұқсайтын дөрекі әнге айналады, тек вокалы сапалырақ». Rolling Stone журналының журналистері «P.Y.T. 2008» нұсқасын Джексон альбомының қайта шығарылымындағы бес жаңа ремикстің ішіндегі ең үздігі деп санады.
Дереккөздер
Санат:1982 жылғы әндер Санат:Майкл Джексонның әндері Санат:Майкл Джексонның синглдері Санат:Epic Records синглдері Санат:Диско стиліндегі композициялар Санат:Куинси Джонс продюсерлік еткен әндер Санат:Куинси Джонс жазған әндер