BuzzFeed (БаззФид) — 2006 жылы Нью-Йоркте негізі қаланған интернет медиа-компаниясы. BuzzFeed негізін қалаушы бастапқыда компанияны шағын интернет-лаборатория ретінде ойластырған болатын, ал қазіргі уақытта компания халықаралық саясаттан бастап телехикаялар мен шығармашылық шеберлік сыныптарына дейінгі тақырыптардың кең ауқымын шолатын халықаралық медиа-порталға айналды.
Компания мен сайттың дамуы Тарихы 2005 жылдың мамырында The Huffington Post атты сәтті онлайн-БАҚ-ты ашып үлгерген, бірақ өз қабілетін толық жүзеге асыра алмағанын сезген Джона Перетти 2006 жылдың мамыр айында Джон Джонсон () мен Кеннет Лерермен () бірлесіп Contagious Media компаниясын құрады.A Brief History Of BuzzFeed — TechCrunch Компания интернеттегі, әсіресе әлеуметтік желілердегі вирустық маркетингті зерттеумен айналысты. Осы зерттеулердің нәтижесінде 2006 жылдың қарашасында BuzzFeed компаниясы мен сайты дүниеге келді. Сайттағы ең алғашқы материалды бас редактор Пегги Вонг () жазды. Жобаға инвестиция іздеу барысында оны жасаушылар бірегей концепцияны — табиғи (нативті) жарнаманы ұсынады.The Humble Origins of Buzzfeed. — Inc.com Бұл концепция сәтті қабылданып, 2008 жылдың маусымында BuzzFeed Inc. SoftBank пен Hearst Corporation компанияларынан 3,5 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция алады. Дәл осы уақытта небары 9 қызметкері бар компания сайт ашылған сәттен бастап миллион бірегей келушілер көрсеткішіне қол жеткізеді. Сол жылы сайтта BuzzFeed жасаған және өте үлкен танымалдылыққа ие болған алғашқы интернет-мем — «Disaster Girl» пайда болды.Disaster Girl! — BuzzFeed Компанияның дамуы қарқынды түрде жалғасып, 2010 жылы ол RRE Ventures венчурлық компаниясынан, сондай-ақ инвесторлар Рон Конвэй () мен Крис Диксоннан () 8 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартады.RRE Ventures, Ron Conway, And Founder Collective Bet $8 Million On BuzzFeed — TechCrunch
2011 жылдың ақпанында AOL компаниясы The Huffington Post-ты сатып алған соң, Джона Перетти өзінің бар назарын тек BuzzFeed жобасына аударуға мүмкіндік алды.Inside Buzzfeed With Jonah Peretti — Business Insider Бір жылға жуық уақыт өткенде, 2012 жылдың қаңтарында компания инвесторлардан қайтадан 15,5 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржылай қолдау табады. Бұл жолы BuzzFeed-пен инвестициялық келісімшарттарды New Enterprise Associates, Lerer Ventures, Hearst Interactive Media, SoftBank және RRE Ventures венчурлық компаниялары бекітті.A Brief History Of BuzzFeed — TechCrunch 2012 жылдың қазан айында компания Лос-Анджелесте өз кеңсесін ашады.
2013 жылдың қаңтарында компания 2012 жылдан бері қалыптасқан серіктестерімен, сондай-ақ Майкл және Кэсс Лазероумен (, ) құны 19,3 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық келісімшарттарға қол қояды, ал наурыз айында Ұлыбританияда кеңсе ашып, халықаралық деңгейге шығады.A Brief History Of BuzzFeed — TechCrunch11 things you need to know about Buzzfeed — The Guardian 2013 жылдың тамыз айында, BuzzFeed негізі қаланғаннан кейін 87 ай өткен соң, Джона Перетти қызметкерлерге жолдаған үндеуінде компанияның рекордтық табысқа жеткенін және оның таза пайда әкеле бастағанын жариялады.Memo To The BuzzFeed Team | Jonah Peretti — LinkedIn 2014 жылдың тамызында BuzzFeed Andreessen Horowitz компаниясынан 50 миллион АҚШ долларын тартып, өзінің инвестициялық капиталын екі есеге арттырды.BuzzFeed Raises $50 Million From Andreessen Horowitz — TechCrunch
2020 жылдың 19 қарашасында HuffPost басылымын Verizon Media компаниясынан сатып алу және сатып алушы мен сатушы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы хабарланды.
BuzzFeed-тің плагиат жанжалы 2014 жылдың 27 шілдесінде Gawker сайты саясат бөлімінің редакторы Бенни Джонсонды () плагиат жасады деп айыптаған материал жариялады. Мақалада Бенни Джонсонның мәтіндерді Уикипедиядан, U.S. News & World Report басылымынан және әртүрлі пресс-релиздерден көшіріп алғаны айтылды. Оның үстіне, ол жекелеген сөйлемдердегі бірнеше сөзді ғана өзгертіп, материалдарды сайтта жариялап отырған. Кейінгі тергеу жұмыстары бұл фактіні дәлелдеп, плагиаттың 41 жағдайын анықтады.A Brief History Of BuzzFeed — TechCrunch Компания бұл дағдарысқа жылдам әрекет етіп, Бенни Джонсонды жұмыстан шығардыBuzzFeed fires Benny Johnson for plagiarism — POLITICO.com және барлық көшірілген материалдарды сайттан өшіріп тастады, ал BuzzFeed-тің бас редакторы Бен Смит () оқырмандардан кешірім сұрады.
Сайттың құрылымы
BuzzFeed News Жастар жаңалықтарға бей-жай қарайды дейді. Бұл — бос сөз, өйткені жаңалықтар олардың өміріне қатты әсер етеді. BuzzFeed жаңа CNN-ге айнала алады.
Сондықтан редакция жаңалықтар мен маңызды журналистік жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарайды, тіпті бұл бағыт сайтқа ойын-сауық контенті сияқты орасан зор келушілер ағынын әкелмейтінін түсінсе деТам же.
2022 жылдың наурыз айында бөлімде қысқартулар жүрді.
BuzzFeed Buzz BuzzFeed Buzz бөлімі — сайттағы дәл қазіргі уақытта ең танымал, яғни ең көп қаралған және пайдаланушылар ең көп «бөліскен» барлық материалдар автоматты түрде жинақталатын айдар.
BuzzFeed Life BuzzFeed Life бөлімі пайдаланушылардың күнделікті, тұрмыстық өміріне қатысты және оны қандай да бір дәрежеде жақсартуға бағытталған әртүрлі материалдардан құралады. Бұл бөлім бірнеше тармақтан тұрады: Тамақ (), «Өзің жаса» (), Стиль (), Ата-аналар (), Саяхат (), Денсаулық (). Осы бөлімде жарияланатын материалдардың тақырыптары «Балаңыздың туған күнін ерекше етудің 21 тәсілінен» бастап «Брэд Питттің шаш үлгілерінің толық тарихына» дейін түрленеді. Журналист Сьюзи Армитаждың () ең үздік мақалаларының бірі орыс тілін үйренудегі қиындықтарды сипаттайды, сондай-ақ лингвистикалық мәселелер мен шетелдік студенттердің бос әурешілігін әзілмен жеткізеді.29 Things You Will Only Understand If You Studied Russian. You don’t learn Russian, Russian learns you. By Susie Armitage, May. 14, 2015 (29 Вещей, которые вы поймете только если изучали Русский Язык. Не вы учите русский, русский учит вас)
BuzzFeed Entertainment BuzzFeed сайтының бұл бөлімі ойын-сауықтың әртүрлі түрлеріне, негізінен телехикаяларға, фильмдер мен телешоуларға арналған. Жаңа мақалалар жарық көрген сәтіне қарай бөлімге бірден еніп отырады — бұл BuzzFeed-тегі материалдар қаралым саны бойынша емес, жарияланған уақыты бойынша сұрыпталатын санаулы бөлімдердің бірі.
BuzzFeed Quizzes BuzzFeed Quizzes бөлімі толығымен пайдаланушылар мен BuzzFeed редакциясы әзірлейтін тесттерден (сынақтардан) тұрады. Тесттер саяси тақырыптардан бастап (мысалы, «Нью-Йорк мэрінің сайлауында Демократиялық партияның қай кандидатына дауыс бергеніңіз жөн»QUIZ: Which Democratic New York City Mayoral Candidate Should You Vote For. — BuzzFeed News) әзіл-қалжыңға дейінгі («Сіздің болмысыңызға қай Супербөбек ең жақын») көптеген бағыттарды қамтиды. Бұл сынақтар өте үлкен танымалдылыққа ие болып, тіпті «Эллен Дедженерес шоуы» бағдарламасының эпизодтарының бірінде де көрініс тапты.Ellen Takes a Buzzfeed Quiz. — EllenTV.com
BuzzFeed Video Бұл бөлім тек әртүрлі тақырыптағы бейнематериалдардан құралады. Мұнда түрлі видеолар, соның ішінде BuzzFeed Inc. компаниясының еншілес кәсіпорны — BuzzFeed Motion Pictures шығарған туындылар жарияланады. Бейнематериалдардың видеохостингі ретінде YouTube сайты қолданылады, онда BuzzFeed-тің 11 арнасы бар: BuzzFeedVideo, BuzzFeed News, BuzzFeed Celeb, Boldy, BuzzFeed Violet, BuzzFeed Blue, After Party, BuzzFeed Food, Tasty, BuzzFeed Nifty, Pero Like. 2018 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша негізгі YouTube каналы «BuzzFeedVideo» 18,4 миллион жазылушыға ие болды. Болашақта компания сайттың видео сегментін белсенді дамытуды және GIF форматынан біртүрлі қысқа бейнебаяндарға көшуді жоспарлап отыр.
Сыны BuzzFeed өз материалдарына табиғи жарнаманы енгізгені үшін бірнеше рет сынға ұшырады. Мәселен, The Wall Street Journal басылымының басқарушы редакторы Джерард Бэйкер (Gerard Baker) Нью-Йорк университетінің журналистика факультетінің студенттері алдында сөйлеген сөзінде жарнама мен журналистиканың бірігуіне жол берілмейтінін және табиғи жарнама басылымдар үшін өзіндік бір «фаустиандық келісімге» айналуы мүмкін екенін атап өтті.'Wall Street Journal' editor Gerard Baker decries native advertising as a 'Faustian pact' — Capital New York Алайда, BuzzFeed-ті сынаумен қатар, ол сайтта жарияланатын журналистік материалдардың сапасын жақсы деп бағалады. Сатирик-тележүргізуші Джон Оливер де өзінің «Last Week Tonight» шоуында табиғи жарнама концепциясына қатысты қауіптерімен бөлісіп, BuzzFeed-ті оқырман жарнама немесе түпнұсқа материал екенін ажырата алмайтын мазмұн түрін жасап шығарды деп айыптады.Last Week Tonight with John Oliver: Native Advertising (HBO) — YouTube Өз кезегінде Джона Перетти BuzzFeed-ті қорғай отырып, редакторлардың табиғи жарнаманы немесе компанияның ішінде аталып кеткендей «branded content» (брэндиген материал) белгісін «маниялық түрде таңбалайтынын» алға тартты. Ол мұндай жарнамалық үдерістегі BuzzFeed-тің рөлін «басқа компанияларға шынайы хикаялар құруға көмектесу» деп сипаттайды.
Жаңалықтар жарияланымына келетін болсақ, BuzzFeed-ті сенімді дереккөз ретінде қарастыру қалыптаспаған. Бұл ретте оқырмандар өздерінің саяси бағыттарына қарамастан, жаңалықтардың шынайылығы мен сенімділігіне күмән келтіреді. Көптеген оқырмандар BuzzFeed-ті жаңалықтар сайты ретінде мүлдем қабылдамайды. Сондай-ақ, сайт басқа ресурстардан мәтіндерді, суреттерді және мақалаларды көшіріп, оларды өз туындысы ретінде көрсетіп, плагиат жасағаны және авторлық құқықтарды бұзғаны үшін сан мәрте сынға қалды.
Сайттың саяси және идеологиялық бағыты — либералдық прогрессивті. Редакциялық басшылық нәсілшілдікке қарсы күресті, әйелдер мен ЛГБТ құқықтарын қорғауды белсенді түрде қолдайды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама туралы мақалаларға жасалған талдау 100 мақаланың 65-і оң, 34-і бейтарап және тек біреуі ғана сыни сипатта болғанын көрсетті. Сонымен қатар, редакция Дональд Трамп пен Республикалық партияның қызметіне қатысты келеңсіз көзқараста. Мәселен, 2016 жылы наразылық ретінде редакция РПҰК-пен ынтымақтастықты үзді. 2017 жылдың қаңтарында редакция «» деп аталатын құжатты — Кристофер Стилдің жеке барлау фирмасының алдын ала есебін жариялады. Онда АҚШ президентінің 2016 жылғы сайлауына Ресейдің араласуы туралы ақпарат жинау аясында Трамптың сайлауалды науқанының Ресей үкіметімен белсенді ынтымақтастығы туралы нұсқа алға тартылды. Авторының айтуынша, «Стилдің досьесінде» тек әрі қарай зерттеуді қажет ететін шикі ақпарат қана болған, ал BuzzFeed бұл қадамы үшін басқа да бірқатар жаңалықтар басылымдарының, мысалы, The Washington Post, The Atlantic, NBC және тағы басқалардың тарапынан, соның ішінде құжаттың қолжазба нұсқасын автордың рұқсатынсыз жариялағаны үшін сынға ұшырады. Досьені жариялауға байланысты BuzzFeed-ке қарсы берілді; біреуінен басқасының барлығы қабылданбады немесе кері қайтарылды.
Қызықты деректер BuzzFeed-тің ең танымал бейнебаяны — «Friskies» компаниясы демеушілік еткен «Dear Kitten» («Қымбатты марғау») видеосы. Онда кәрі мысық кішкентай марғауға жаңа үйіндегі өмірдің барлық қыр-сырын үйретеді. Бұл бейнебаян жарияланған сәттен бастап 29 миллионнан астам қаралым жинады.Dear Kitten. — YouTube Компанияның Нью-Йорктегі кеңсесіндегі мәжіліс бөлмелері интернетте танымал болған мысықтардың құрметіне аталса, Лос-Анджелестегі кеңсесіндегі мәжіліс бөлмелері иттердің құрметіне аталған. BuzzFeed-тің ең танымал тесті — 5 миллионнан астам репост жинаған «Сіз қандай мансап жолын таңдауыңыз керек» тесті. Сайттағы 22 500-ге жуық материал мысықтарға, ал 20 000-ға жуығы иттерге арналған.
Тағы қараңыз Fishki.net
Дереккөздер
Санат:Нью-Йорк медиакомпаниялары Санат:АҚШ веб-сайттары Санат:2006 жылы Нью-Йоркте пайда болғандар