Зекен Әбілдаұлы (1941 жыл, Қарой ауылы, Балқаш ауданы, Алматы облысы — 1993 жыл) — ақын, әнші. «Балқаштың күміс көмей Зекені» атанған өнер иесі.

Өмірбаяны Зекен Әбілдаұлы 1941 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Қарой ауылында дүниеге келген.

Балқаш өңірі мен аудан жұртшылығына өзінің азаматтық тұлғасымен, сондай-ақ ақындық және әншілік өнерімен кеңінен танылған.

1993 жылы 52 жасында дүниеден өткен.

Еңбектері Кітаптары:

«Аманат» (2001) «Кемпірқосақ» (2021) «Ерте үзілген жыр-ғұмыр» (2021)

Ол туралы мақалалар

«Зиялы әлемнің Зекені» // Балқаш өңірі. — 2021 жыл, 6 наурыз. «Мен үшін ұмытылмас жылдар» // Балқаш өңірі. — 2016 жыл, 25 маусым. «Мен білетін Зекен» // Балқаш өңірі. — 2021 жыл, 13 наурыз. «Сағынышқа толы сағым жылдар» // Балқаш өңірі. «Бір басына бірнеше өнер тоғысқан» // Балқаш өңірі.

Дереккөздер

Санат:1941 жылы туғандар Санат:1993 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматы облысында туғандар Санат:Қазақстан ақындары