ATP рейтингі (бұрын Pepperstone ATP рейтингі деп аталған) — Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сындағы барлық турнирлерге қатысуға іріктеу мен ойыншыларды себу үшін қолданатын еңбекақыға (нәтижеге) негізделген әдіс. Жекелей сындағы алғашқы рейтингтер 1973 жылдың 23 тамызында жарияланса, жұптық сындағы ойыншылар алғаш рет 1976 жылдың 1 наурызында рейтингке ие болды. Рейтинг ұпайлары турнирдің жеткен сатысына және мәртебесіне қарай беріледі, бұл ретте ең көп ұпайды төрт Үлкен дулыға турнирі береді. Рейтинг әр дүйсенбі сайын жаңартылып отырады, ал ұпайлар берілген уақытынан кейін 52 апта өткен соң жойылады (бұған ұпайлары келесі жылдың соңғы ATP Tour жарысынан кейінгі дүйсенбіде алынып тасталатын ATP Қорытынды турнирі кірмейді).
Рейтингті есептеу әдісі ATP рейтингі енгізілгеннен бері ойыншының рейтингтік ұпайларын есептеу әдісі бірнеше рет өзгерді. Ұпайлар жүйесіне енгізілген соңғы ірі өзгеріс 2009 жылы болды.
Турнир санаттарыATP ТурыҮлкен дулыға 2000 1300 800 400 200 100 50 10 30 16 8 ATP Қорытынды турнирі +900 +400 топтық кезеңдегі әрбір жеңіс үшін 200ATP 1000 () 1000 650 400 200 100 50 30 10 20 10 ATP 1000 () 10 30 16ATP 500 () 500 330 200 100 50 25 16 8 ATP 500 () 25 13ATP 250 () 250 165 100 50 25 13 8 4 ATP 250 () 13 7ATP Challenger TourChallenger 175 175 90 50 25 13 6 3 Challenger 125 125 64 35 16 8 5Challenger 100 100 50 25 14 7 4 2Challenger 75 75 44 22 12 6Challenger 50 50 25 14 8 4 3 1ITF Men's World Tennis Tour Futures M25 25 16 8 3 1 Futures M15 15 8 4 2
Ұпайлардың бөлінуі (2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) ATP 1000 сериясында бірінші раундта ойыннан босатылып, екінші раундтағы алғашқы матчында жеңілген ойыншылар бірінші раундта ұтылған болып есептеледі және бірінші раундтағы жеңіліс үшін берілетін ұпайды алады. Сол сияқты, ATP 500 және ATP 250 серияларында бірінші раундтан босатылғаннан кейін екінші раундта ұтылу 0 ұпайдың берілуне әкеп соғады.
Сонымен қатар, іріктеу кезеңінен өткендер мен негізгі торға тікелей түскен ойыншылар өздері жеткен раундтар үшін жақша ішінде көрсетілген ұпайларды алады.
2016 жылдан бастап Дэвис кубогы матчы үшін де, Жазғы Олимпиада ойындарындағы теннис турнирі үшін де ұпайлар берілмейтін болды.
Жаңа командалық жарыс — United Cup турнирі енгізілгеннен бері, оның қатысушылары ұтылған матчы үшін де ATP рейтинг ұпайларын алуға құқылы (бүкіл турнир үшін 500 ұпайға дейін). 2024 жылдан бастап ұпайлар төмендегідей бөлінеді: Раунд Қарсыластың рейтингтегі орнына қарай берілетін ұпайлар № 1–10 № 11–20 № 21–30 № 31–50 № 51–100 № 101–250 № 251+ Финал 180 140 120 90 60 40 35 Жартылай финал 130 105 90 60 40 35 25 Ширек финал 80 65 55 40 35 25 20 Топтық кезең 55 45 40 35 25 20 15
Ұпайлардың бөлінуі (2009–2023) СанатWFSFQFR16R32R64R128QQ3Q2Q1Үлкен дулыға (128S)20001200720360180904510251680Үлкен дулыға (64D)0——0ATP Қорытынды турнирі (8S/8D)1500 (макс.) 1100 (мин.)1000 (макс.) 600 (мин.)600 (макс.) 200 (мин.)топтық кезеңдегі әрбір жеңіс үшін 200, жартылай финалдағы жеңіс үшін +400, финалдағы жеңіс үшін +500.ATP Tour Masters 1000 (96S)10006003601809045251016—80ATP Tour Masters 1000 (56S/48S)10—2516ATP Tour Masters 1000 (32D)0—ATP Tour 500 (48S)5003001809045200—10—40ATP Tour 500 (32S)0—2010ATP Tour 500 (16D)0—4525ATP Tour 250 (48S)250150904520100—5—30ATP Tour 250 (32S/28S)0—126ATP Tour 250 (16D)0—
Ұпайлардың бөлінуі (2000–2008) 2000 пен 2008 жылдар аралығында берілген ұпайлар көлемі 2009 жылдан бастап берілетін ұпайлардың шамамен жартысын құрады. Ең төменгі екі санатта берілген ұпайлар әр турнирдің жүлде қорына байланысты өзгеріп отырды. Жеңімпаздарға берілген ұпайлар төмендегідей: Үлкен дулыға: 1000 Tennis Masters Cup: 750 (максимум) ATP Masters Series: 500 ATP International Series Gold: 250–300 ATP International Series: 175–250
Ағымдағы рейтинг ATP рейтингі (жекелей сыны) (14.09.2026 жағдай бойынша)№ОйыншыҰпайӨзгеріс 1 Янник Синнер 11,500 2 Александр Зверев 9,690 3 Карлос Алькарас 5,560 4 Бен Шелтон 4,680 5 5 Феликс Оже-Альяссим 3,890 1 6 Даниил Медведев 3,770 2 7 Флавио Коболли 3,720 1 8 Фрэнсис Тиафо 3,380 4 9 Алекс де Минор 3,300 2 10 Тейлор Фриц 3,175 11 Артур Фис 3,150 12 Новак Джокович 2,980 7 13 Лернер Тин 2,755 2 14 Рафаэль Ходар 2,659 1 15 Якуб Меншик 2,495 3 16 Брэндон Накашима 2,485 1 17 Александр Бублик 2,425 1 18 Каспер Рууд 2,335 2 19 Томми Пол 2,325 2 20 Лоренцо Музетти 2,255 6
ATP рейтингі (жұптық сыны) (14.09.2026 жағдай бойынша)№ОйыншыҰпайӨзгеріс 1 Харри Хелиоваара 10,860 = Генри Паттен 10,860 3 Нил Скупски 6,390 2 4 Кристиан Харрисон 6,140 8 5 Орасио Себальос 6,030 2 6 Марсель Гранольерс 6,030 2 7 Кевин Кравиц 5,670 3 8 Марсело Аревало 5,650 2 9 Мате Павич 5,380 2 10 Тим Пюц 5,400 1 11 Андреа Вавассори 5,360 3 12 Симоне Болелли 5,060 3 13 Мануэль Гинар 4,195 1 14 Гидо Андреоцци 4,195 1 15 Джулиан Кэш 3,970 2 = Ллойд Гласспул 3,970 2 17 Орландо Лус 3,860 4 18 Рафаэль Матос 3,735 2 19 Альбано Оливетти 3,290 20 Тео Аррибаже 3,290
Тағы қараңыз ATP рейтингі бойынша әлемнің бірінші ракеткаларының тізімі WTA рейтингі
Дереккөздер
Санат:ATP рейтингі Санат:Кәсіби теннисшілер қауымдастығы Санат:Спорттық рейтингтер