Георгий Пахимер (; 1242 — шамамен 1310)Neville, Leonora (2018). "George Pachymeres". Guide to Byzantine Historical Writing. Cambridge University Press. — Византия империясының тарихшысы, философы, музыка теоретигі әрі әмбебап жазушысы.

Өмірбаяны Пахимер Византияның Вифиния аймағындағы Никея қаласында дүниеге келген. Оның әкесі 1204 жылы крестшілер (латындар) Константинопольді басып алғаннан кейін осы қаладан пана тапқан болатын. 1261 жылы император Михаил VIII Палеолог Константинопольді Латын империясынан қайтарып алғаннан кейін, Пахимер елордаға қоныс аударды. Онда ол құқық саласын зерттеп, шіркеу қызметіне орналасты. Кейіннен шіркеудің бас адвокаты және императорлық соттың бас судьясы лауазымдарына дейін көтерілді.Chisholm, Hugh, ed. (1911). "Pachymeres, Georgius". Encyclopædia Britannica. Vol. 20. Cambridge University Press.

Оның әдеби және ғылыми қызметі өте ауқымды болды. Ең басты еңбегі — Георгий Акрополиттің еңбектерін жалғастыра отырып, 1261 жылдан 1308 жылға дейінгі кезеңді қамтитын, 13 кітаптан тұратын «Византия тарихы» болып табылады. Бұл туындыда Михаил мен Андроник II Палеологтардың билік құрған жылдары егжей-тегжейлі баяндалады. Сондай-ақ, Пахимер философиялық тақырыптардағы риторикалық жаттығулардың, орта ғасырлардағы музыка мен астрономия тарихы үшін құнды саналатын «Квадривиум» (арифметика, музыка, геометрия, астрономия) еңбегінің, Аристотель философиясының жалпы очеркінің, Псевдо-Дионисий Ареопагиттің сөздері мен хаттарына жасалған парафразалардың, соның ішінде өзінің автобиографиясы енген өлеңдер жинағының авторы. Одан бөлек, ол Августеон алаңы мен қасиетті Айя София шіркеуінде I Юстиниан императордың парсыларды жеңуінің құрметіне тұрғызылған бағанның егжей-тегжейлі сипаттамасын жазып қалдырған.

«Византия тарихы» алғаш рет 1835 жылы И. Беккердің редакциялауымен Corpus Scriptorum Historiae Byzantinae сериясы аясында басылып шықты. Сондай-ақ, бұл еңбек Ж. П. Миньнің Patrologia Graeca (143, 144 томдар) жинағында жарық көрді. Оның кішігірім еңбектерінің басылымдарымен Карл Крумбахердің Geschichte der byzantinischen Litteratur (1897) кітабынан танысуға болады. 1984 жылы Альберт Файе (редактор) мен Виталиен Лоранның (аудармашы) қатысуымен «Византия тарихының» француз тіліндегі аудармасы бар заманауи басылымы жарық көрді.Failler, Albert, ed. (1984). Georges Pachymérès: Relations historiques. Paris: Les Belles Lettres. Ал еңбектің І және ІІ кітаптарының (1261 жылға дейінгі кезең) түсіндірмелері бар ағылшын тіліндегі аудармасы Натан Джон Кэссидидің Батыс Аустралия университетінің Рейд кітапханасында сақтаулы тұрған Ph.D. докторлық диссертациясы форматында қолжетімді.Cassidy, Nathan John (2004). A Translation and Historical Commentary of Book One and Book Two of the Historia of Georgius Pachymeres. PhD dissertation, University of Western Australia.

Әдебиет Cassidy, Nathan John (2004). A Translation and Historical Commentary of Book One and Book Two of the Historia of Georgius Pachymeres. PhD dissertation, University of Western Australia. Failler, Albert, ed. (1984). Georges Pachymérès: Relations historiques. Vol. 1 & 2. Translated by Failler, Albert; Laurent, Vitalien. Paris: Les Belles Lettres. ISBN 9782251322308. Neville, Leonora (2018). "George Pachymeres". Guide to Byzantine Historical Writing. Cambridge University Press. pp. 237–242. ISBN 9781139626880.

Дереккөздер

Санат:Византия тарихшылары Санат:Византия математиктері Санат:Византия жазушылары Санат:Музыка теоретиктері