Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары — Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі құрамына кіретін жоғары лауазымды тұлға.

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарын Президент қызметке тағайындап, қызметтен босатады. Ол тікелей Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына (Президентке) бағынады.

Тарихы Қауіпсіздік кеңесі 1993 жылы құрылғанда төрағаның орынбасары болған. 1994 жылғы маусым айында лауазымның атауы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып өзгертілді.К истории АП. Часть 1 Ол Президент Әкімшілігінің құрамына кіретін Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына басшылық жасады.

2026 жылғы 29 тамызда бұрынғы лауазым жойылып, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымы енгізілді. Сонымен бірге Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты дербес мемлекеттік орган ретінде Президент Әкімшілігінен бөлініп шығып, оған Қауіпсіздік Кеңесінің, төрағасы мен төраға орынбасарының қызметін қамтамасыз ету міндеті жүктелді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралыУказ Президента Республики Казахстан от 10 сентября 2026 года №1456

Атқаратын қызметі Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары: ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына ұсыныстар енгізеді және Төрағаны өзекті мәселелер туралы хабардар етеді; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұлттық қауіпсіздікті, елдің қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллектіні дамыту, азаматтардың дербес деректерін қорғау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді; Қауіпсіздік Кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық, шетелдік, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, ұлттық қауіпсіздікті, елдің қорғаныс қабілетін, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізеді; Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс жоспарларын енгізеді; Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесі жедел кеңестері шешімдерінің толық орындалуын бақылауды ұйымдастырады; Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияға, Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияға басшылық етеді.

Атқарған тұлғалар Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарлары: №СуретіАты-жөніЛауазымға тағайындалды Лауазымынан босатылды 1 жиекті|110px Төлеген Жүкеев маусым 1993 желтоқсан 1993 2 жиекті|110px Болат Баекенов желтоқсан 1993 маусым 1994 3 жиекті|110px Аида Балаева 31 тамыз 2026 –

Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары: №СуретіАты-жөніЛауазымға тағайындалды Лауазымынан босатылды 1 жиекті|110px Болат Баекенов маусым 1994 қазан 1994 2 жиекті|110px Төлеген Жүкеев қазан 1994 қазан 1995 3 жиекті|110px Балташ Тұрсымбаев қазан 1995 қазан 1996 4 жиекті|110px Бексұлтан Сәрсеков қазан 1996 ақпан 1999 5 жиекті|110px Марат Тәжин 24 ақпан 1999 4 мамыр 2001 6 жиекті|110px Алтынбек Сәрсенбайұлы 4 мамыр 2001 11 желтоқсан 2001 7 жиекті|110px Марат Тәжин 11 желтоқсан 2001 29 тамыз 2002 8 жиекті|110px Омархан Өксікбаев 29 тамыз 2002 16 маусым 2003 9 жиекті|110px Болат Өтемұратов 16 маусым 2003 28 наурыз 2006 10 жиекті|110px Марат Тәжин 13 сәуір 2006 11 қаңтар 2007 11 жиекті|110px Берік Имашев 12 қаңтар 2007 19 тамыз 2008 12 жиекті|110px Қайырбек Сүлейменов 19 тамыз 2008 4 қыркүйек 2009 13 жиекті|110px Марат Тәжин 4 қыркүйек 2009 16 қаңтар 2013 14 жиекті|110px Қайрат Қожамжаров 22 қаңтар 2013 6 тамыз 2014 110px Әділбек Жақсыбеков 14 тамыз 2014 22 қазан 2014 110px Азамат Әбдімомынов 22 қазан 2014 19 қараша 2014 15 жиекті|жиекті|110px Нұрлан Ермекбаев 19 қараша 2014 13 қыркүйек 2016 16 жиекті|110px Владимир Жұмақанов 13 қыркүйек 2016 4 сәуір 2018 17 жиекті|110px Нұрлан Ермекбаев 4 сәуір 2018 7 тамыз 2018 110px Марат Шайхутдинов 8 тамыз 2018 19 қыркүйек 2018 18 жиекті|110px Ғабит Байжанов 19 қыркүйек 2018 12 ақпан 2019 19 жиекті|110px Қалмұханбет Қасымов 12 ақпан 2019 16 қаңтар 2020 20 жиекті|110px Әсет Исекешев 16 қаңтар 2020 25 ақпан 2022 21 жиекті|110px Ғизат Нұрдәулетов 25 ақпан 2022 31 тамыз 2026

Дереккөздер

Санат:Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі