«Айға серуендеу» — британиялық мультипликатор Ник Парк шығарған мультфильм. Ол 1989 жылы шықты және Уоллес пен Громит туралы франшизадағы алғашқы туынды болды.
Уоллес — ірімшікті өте жақсы көретін ақкөңіл өнертапқыш, жасыл свитер мен қоңыр шалбармен жүреді. Громит — оның өте ақылды иті, хат таниды, бірақ сөйлемейді. Олар шай ішіп тұрып, крекерлермен бірге жейтін үйреншікті ірімшіктің бітіп қалғанын көреді. Көңілдері түскен олар Айға сапар жасауға белдерін буады, себебі Айдың ірімшіктен жасалғаны оларға белгілі. Зымыранмен Айға жеткенде бір ескі газ пешті көреді. Бірақ жуық арада бұл робот екені анықталады.
1991 жылы Үздік анимациялық қысқаметражды фильм үшін Оскар сыйлығына номинацияланған болатын.
нобай|солға|Ермексазды экспозиция Дереккөздер
Сілтемелер Ресми сайты
Санат:1989 жылғы мультфильмдер Санат:Ник Парк мультфильмдері Санат:Ұлыбритания мультфильмдері Санат:Ермексаз мультфильмдер Санат:Aardman Animations мультфильмдері