thumb|upright=1.3|Флора жанұясының негізгі астероидтары қызылмен белгіленген, шеткі мүшелері күлгінмен, ал басқа астероидтар көкпен белгіленген Флора жанұясы (: 402) — Негізгі белдеудің бергі шетіндегі астероидтардың ірі шоғыры. Оған 13 мыңнан астам астероид кіреді, барлығы S спектрлік түріне жатады, яғни тасты болып келеді.

Жанұя ең ірі (8) Флора астероидының атымен аталды. Бұның диаметрі 140 шақырымға тең, ол бүкіл жанұяның массасының 80%-н құрайды. Одан кейінгі (43) Ариадна астероиды жанұя массасының 9%-н құрайды. Бұрын жанұя осы астероидтың атымен аталған еді. (8) Флора бұл шоғырдың шетінде орналасады, бұған байланысты оның жанұяға кіретіндігі тек 1995 жылы анықталды.

Жанұяға кіретін астероидтардың барлығы бірнеше миллион жыл бұрын орын алған ірі соқтығысудың нәтижесінде және жарқыншақтардың арасындағы одан кейінгі өзара соқтығысулары нәтижесінде пайда болды.

Жақыннан алғашқы болып зерттелген астероид (951) Гаспра осы жанұяға кіреді. Ондағы кратерлерді зерттеу арқасында жанұяның жасы шамамен 200 миллион жылға тең деп бағаланады.

Флора жанұясы XX ғасырдың басында жапон астрономы Киёцугу Хираяма ашқан алғашқы бес астероид жанұяларының бірі болды. Бұларды кейде Хираяма жанұялары деп атайды. Осы бес жанұяның ішінде бұл — Жерге ең жақыны.

+Жанұядағы 10 ең жарық астероидАты Абс. жұлд. шама Диаметрі Үлкен жарты осі eмәні iмәні(8) Флора 6,61 147 ш 2,2014 а. б. 0,145 5,573°(43) Ариадна 7,97 71 ш 2,2034 а. б. 0,141 4,049°(364) Изара 9,94 26 ш 2,2208 а. б. 0,159 5,540°(352) Гизела 10,14 27 ш 2,1941 а. б. 0,137 4,289°(540) Розамунда 10,79 19 ш 2,2189 а. б. 0,154 6,403°(823) Сисигамбис 11,23 15 ш 2,2213 а. б. 0,139 4,336°(800) Крессмания 11,39 15 ш 2,1927 а. б. 0,140 4,301°(1419) Данциг 11,44 15 ш 2,2928 а. б. 0,170 6,403°(1249) Резерфордия 11,47 13 ш 2,2243 а. б. 0,129 5,413°(951) Гаспра 11,47 12 ш 2,2097 а. б. 0,148 5,078°

Күн жүйесінің осы аймағында айналып жатқан кейбір астероидтар орбита элементтерінің ұқсастығына қарамастан осы жанұяға кірмейді. Яғни олардың пайда болу көзі өзгеше болып келеді. Бұларға, мысалы, (298) Баптистина, (422) Беролина, (2952) Лиллипутия, (3533) Тойота, (3850) Пельтье жатқызылады, арасындағы ең ірісі — (2259) Софиевка.

Дереккөздер

Санат:Астероидтардың жанұялары Санат:Флора жанұясы