Игісінов Жұмағазы Серғалиұлы, (1953) – журналист, аудармашы.

Өмірбаяны

Жұмағазы Игісінов 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Қызметтік жолы

Журналистік еңбек жолын 1974 жылы Тарбағатай аудандық «Ленин туы» газетінде тілші болудан бастаған.

1977 жылдан бастап он жылдай Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде еңбек етті, 1985 жылдан бастап сегіз жыл Қазақ радиосының Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, бірнеше жыл Шығыс Қазақстан облыстық телевизия және радио компаниясы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Марапаттары «КСРО Телевизиясы мен радиосының үздігі» («Отличник Телевидения и радио СССР»), Қазақстан Журналистер Одағы Әлихан Бөкейханов атындағы сыйлығының лауреаты.

Облыстық аудармашылар байқауының Бас жүлдегері. Аудармашылардың республикалық байқауында жүлделі орынды иеленген. ҚР Мәдениет министрінің арнайы Дипломымен марапатталған тәжірибелі тәржіман ретінде де танымал. «Жоғары біліктілікті аудармашы» («Переводчик высшей квалификации») санаты бар. 1999 жылдың маусымынан бері Өскемендегі «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас аудармашысы.

Шығармалары Игісін, Ж. Шынарым [Мәтін] : әңгімелер, очерктер, ойтолғаулар және әзіл-сықақтар / Ж. Игісін. - Алматы : Ақыл кітабы, 2003. - 192 б. Игісін, Ж. Қоңыр қоржын [Мәтін] : өлеңдер, қазақы қалжыңдар, ойтолғаулар / Ж. Игісін. - Өскемен : [б. и.], 2005. - 264 б. Игісін, Ж. С. Ертістен ескен ерке жел [Мәтін] / И. Жұмағазы. - Алматы : Орхон, 2013. - 424 б.