Пилтене () — Латвияның батысындағы қала, Курземе мәдени-тарихи аймағында орналасқан. Вентспилс аймағының құрамына кіреді. Пилтене халқының саны 2026 жылғы жағдай бойынша 979 адамды құрады. Пилтене - Латвиядағы 76 қаланың бірі және халқының саны бойынша Латвияда 70-ші орында.
Географиялық орналасуы Қала Вента өзенінің жағасында Вентспилстен 25 шақырым жерде Ригадан 149 шақырым қашықтықта орналасқан.
Тарихы нобай|солға|200px|Пилтененің жалпы көрінісі (1750 жылдан кейін) XIII ғасырда қаланың орналасқан жері стратегиялық тұрғыдан маңызды болды, себебі ол викингтердің жиі шабуылына ұшыраған Балтық жағалауынан алыс орналасқан. Дания королі Вальдемар II қазіргі қаланың орнына бекініс салған деп есептеледі. Пилтене туралы алғашқы деректер 1309 жылға жатады. Сол кезде ол епископ Бурхардтың резиденциясы болған. 1330 жылдары бекініске литва әскерлері шабуыл жасады, бірақ олар оны ала алмады.
1560 жылы Пилтене епархиясын Дания королі II Фридрих сатып алып, оны ағасы Магнусқа берді. Он тоғыз жылдан кейін Ливон соғысынан кейін Пилтене Польшаның құрамына кірді. 1583 жылы мүліктің иесі Магнус қамалда қайтыс болды 1585 жылы Пилтене епископтығы Польшаға берілді. Отыз жылдан кейін қала әкімшілік орталық мәртебесінен айырылды. Ол Айзпутеге көшірілді. 1656 жылдан 1717 жылға дейін қала Яков герцогіне тиесілі болды, ал 1795 жылы Курземе Ресейге қосылған кезде Пилтене де Ресей империясының құрамына кірді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол қатты зақымданып, кейін қайта салынды.
Экономикасы және инфрақұрылымы Бүгінгі таңда Пилтене трикотаж бұйымдары мен консервіленген өнімдер шығарады. Жер қойнауынан минералды судың үлкен қоры табылды.
Пилтенеге аймақтық жол P122 Вентспилс-Пилтене қызмет көрсетеді. Жергілікті жолдарға — V1309 Пилтене — Злекас и V1310 Пилтене — Силакрогс жатады. Қала аралық автобус қатынасы: негізгі бағыт — Пилтене-Вентспилс.
Көрікті орындары нобай|солға|200px|Пилтене қамалының қирандылары Қаланың басты көрікті жері — Пилтене қамалы. XIV ғасырда ол солтүстік Курземедегі ең қуатты бекініс ретінде танылды. Қамалдың бай тарихы бар: 1329-1330 жылдары оны Литва әскерлері қоршауға алды, бірақ қоршауға абыроймен төтеп берді. Кейіннен ол Курземенің орталығы және епископтың басты резиденциясына айналды. Қазіргі уақытта бұрынғы құрылымнан тек іргетас, қабырғаның шамамен 8 метрлік бөлігі және екі мұнараның қалдықтары ғана қалған.
Қала Вента өзеніне жақын орналасқандықтан, табиғи сұлулығымен де танымал. Қала шегінде өзен жағасында бірнеше қонақ үйлер орналасқан, олар барлық маусымда келушілерді қарсы алады. Кейбіреулері жаяу серуендеу, балық аулау және велосипед жолдары сияқты туристік қызметтерді ұсынады.
Дереккөздер
Санат:Латвия қалалары